7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 16 объектіні іске қосу және жұмыс істеуі, оның ішінде облыстар бойынша:
Ақмола облысы - Щучинск ауданының Бурабай кентіндегі 50 адам қабылдайтын "Бурабай" балалар туберкулез санаторийі,
Алматы облысы - Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы ауысымда 300 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар 60 төсектік перзентхананы, және Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы 100 төсектік акушер-гинекологиялық корпусы;
Атырау облысы - Атырау қаласындағы 100 төсектік туберкулез ауруханасы;
Қарағанды облысы - Осакаровка кентіндегі 250 адам қабылдайтын емханасы бар 100 төсектік орталық аудандық аурухананы, Қарқаралы қаласындағы 200 адам қабылдайтын емханасы бар 100 төсектік Қарқаралы орталық аудандық ауруханасын, Жаңаарқа ауданының Атасу кентіндегі 250 адам қабылдайтын емханасы бар 100 төсектік орталық аудандық аурухананы және Приозерск қаласындағы 30 төсектік және 10 жұқпалы адамды қабылдайтын туберкулез ауруханасы;
Қостанай облысы - Қостанай қаласындағы ауысымда 320 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы;
Павлодар облысы - Қашыр ауданының Иртышск селосындағы орталық аудандық ауруханасының жанындағы 30 төсектік туберкулез бөлімшесін және Қашыр селосындағы 35 төсектік туберкулез ауруханасы;
Солтүстік Қазақстан облысы - Жұмабаев атындағы ауданының Булаево қаласындағы 90 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектік туберкулез диспансерін, Петропавл қаласындағы облыстық туберкулез диспансерінің аумағында 100 төсектік емдеу корпусын және Солтүстік Қазақстан облысына берілетін Ресей Федерациясы Оңтүстік Орал темір жолының темір жол ауруханасын;
Астана қаласының - Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы амбулаториялық-емханалық кешенін (ауысымда 150 адам қабылдайтын балалар емханасы) және Грязного-Колхозная-Репин көшелерінің шекарасындағы амбулаториялық-емханалық кешені.
Түпкілікті нәтиже: жергілікті деңгейдегі медициналық көмектің қолжетімдігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: - амбулаториялық-емханалық кешенді ұстаудың күтілетін орташа құны - 5326,4 мың теңге, орталық аудандық аурухананың - 2204,9 мың теңге, 30-50 төсектік туберкулез ауруханасының - 1513,8 мың теңге, перзентхананың - 33,42,7 мың теңге.
Уақтылығы: әкімдіктің шешіміне сәйкес іске қосу.
Сапасы: осы өңірде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасын арттыру.
*) - Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
289-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа
иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5135931 мың теңге (бес миллиард бір жүз отыз бес миллион тоғыз жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 13, 16, 17, 18, 19, 34, 42, 44-баптары; "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 26-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 4 маусымдағы 2003 жылғы Заңы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; "Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; "Азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдік шарттармен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы № 889 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың денсаулығын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халықты вакциналармен және басқа да медициналық иммундық-биологиялық, туберкулезге қарсы, сусамырға қарсы препараттармен және онкологиялық науқастарды емдеуге арналған химиялық препараттармен, бүйрек кемістігі бар науқастарға арналған шығыс материалдары бар диализаторлармен және бүйрегі ауыстырылып қондырылғаннан кейін науқастарға арналған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; халықты вакциналауды жүргізу жолымен жұқпалы аурулардың алдын алу және азайту, туберкулез ауруы көрсеткіштерін тұрақтандыру мен төмендету, туберкулездің асқынған және асқынбаған түрімен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігін арттыру; онкологиялық науқастардың өмір сүру ұзақтығын және айығуын арттыру және өлім-жітім көрсеткішін азайту, сусамырмен ауыратындардың асқынуларын, мүгедектігі мен қайтыс болу санын азайту; гемодиализ жүргізу жолымен созылмалы бүйрек кемістігі бар науқастардың өмірін ұзарту және операция алдында дайындау кезеңін ұзарту; бүйрек кемістігі бар науқастарда ауыстырып қондырылған бүйректің сәйкес келмеуінің алдын алу және толық ремиссияның (айығу) жиілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: болжамды түрде 3 266 073 адамды вакциналау үшін вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды, 32709 науқас үшін туберкулезге қарсы препараттарды және 54615 жасөспірімдер мен балаларға химиялық профилактика жүргізуге; 29 390 инсулинге тәуелді сусамырмен ауыратындарға сусамырға қарсы препараттарды; 5 482 онкологиялық науқастар үшін химиялық препараттарды, жіті және созылмалы бүйрек кемістігі бар 942 науқас үшін дәрі-дәрмектерді, диализаторлар мен шығыс материалдарын және бүйректі ауыстырып қондырғаннан кейін 178 науқас үшін дәрі-дәрмектерді сатып алуға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді уақтылы аудару.
Түпкілікті нәтиже: вакцинамен басқарылатын ауруларды азайту, туберкулезбен, сусамырмен, жіті және созылмалы бүйрек кемістігі бар науқастардың асқынуларын, мүгедектігі мен қайтыс болуын азайту; онкологиялық аурулармен ауыратындардың өмірін ұзарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар 1 вакцина жасауға - 319,8 теңгені; 1 науқасты емдеуге арналған дәрілік препараттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар: туберкулезге қарсы - 16 000 теңгені, химиялық профилактика жүргізуге - 98 теңге; инсулинге - 50 568 теңге; химиялық препараттарға - 261 569,7 теңгені; жіті және созылмалы бүйрек кемістігі бар науқастар үшін дәрі-дәрмектерді, диализаторлар мен шығыс материалдарын және бүйректі ауыстырып қондырғаннан кейін науқастар үшін дәрі-дәрмектерді сатып алуға орташа шығыстар - 595373,2 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: негізделген шағымдардың болмауы.
Ескерту: *) Іске асыру жөніндегі тізбе, Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер бюджеттік бағдарламаның тиісті орындарының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
290-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне облыстық санитарлық-эпидемиологиялық
орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1703500 мың теңге (бір миллиард жеті жүз үш миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру, халық денсаулығының жай-күйі мен қоршаған орта факторларының әсер етуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау, қазіргі заманғы зерттеу стандарттарын енгізу мен пайдалануға негізделген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың сапалы жаңа деңгейіне көшу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: