«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысына 265-303 қосымшалар) (үзінді) (2006.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:* Тікелей нәтиже: облыстық бюджеттерге республикалық бюджеттен 14 облыстың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары үшін медициналық (диагностикалық және зертханалық) жабдықты сатып алуға трансферттер аудару.

Түпкілікті нәтиже: 14 облыстың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық (диагностикалық және зертханалық) жабдықтың кемінде 980 бірлігін сатып алу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: жабдық бірлігінің орташа құны - 1738265  теңге.

Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.

Сапа: 14 облыстың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын медициналық (диагностикалық және зертханалық) жабдықпен жарақтандырудың ең аз нормативіне сәйкес қамтамасыз етушілік.

*) Ескерту:

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі, сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

291-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне бастапқы медициналық санитарлық

көмектің медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге

сәйкес медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және жалпы

практикадағы дәрігерлердің жүйесін дамытуға берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттер"

деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2279971 мың теңге (екі миллиард екі жүз жетпіс тоғыз миллион тоғыз жүз жетпіс бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту, Қазақстан Республикасының халқына БМСК деңгейінде көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі сапасын көтеру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: штаттық нормативтерге және жалпы практикадағы дәрігерлер жүйесін дамытуға сәйкес БМСК-ның медициналық ұйымдарын медицина кадрларымен толықтыру және жинақтау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін медицина кадрларымен толықтыру және жинақтау.

Түпкілікті нәтиже: халықтың БМСК қолжетімділігін қамтамасыз ету, халыққа БМСК деңгейінде көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру және жалпы практика дәрігері жүйесін дамыту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: дәрігердің бір штат бірлігін аяғында дейін толықтыру және жинақтау үшін жұмсалатын шығын - 290,9 мың теңге, орта медицина қызметкеріне жұмсалатын шығын - 261,5 мың теңге.

Уақтылығы: әкімдіктің шешіміне сәйкес.

Сапа: БМСК ұйымдарының қызметінің тиімділігін арттыру.

Ескерту:

*) Республикалық бюджеттен трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын қаржылық-экономикалық тиімділігі, уақытылығы, сапасы тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

292-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне құрылатын ақпараттық-талдамалық

орталықтардың қызметін қамтамасыз етуге берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттер"

деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 107919 мың теңге (бір жүз жеті миллион тоғыз жүз он тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электронды Үкіметті" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелерді енгізу және ілестіру үшін өңірлік институттарды құру және оларды қолдану.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылатын ақпараттық-талдау орталықтардың қызметін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жергілікті деңгейде 14 ақпараттық-талдау орталық құруға ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару.

Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтаудағы қолданылып жүрген және әзірленетін ақпараттық жүйелерді жергілікті деңгейде қамтамасыз ету.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір ақпараттық-талдау орталығын құруға республикалық бюджеттің орташа шығыны 7708,5 мың теңге болады.

Уақтылығы: әкімдіктің шешіміне сәйкес.

Сапа: ақпараттық-талдау орталықтар өңдейтін ақпараттың сапасы жақсарады.

*Ескерту: Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

293-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының

бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін

берілетін нысаналы даму трансферттері" деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1050000 мың теңге (бір миллиард елу миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Парламентінің "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екінші оқылым) 2005 жылғы 9 қарашадағы № 23-ІІІ ҚРП қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы облысы мен Алматы қаласы денсаулық сақтау объектілерінің сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматы облысының бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне жекелеген денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы облысы мен Алматы қаласының денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды жүргізу.

Түпкілікті нәтиже: Алматы облысы мен Алматы қаласының денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды арттыру.

Уақтылығы: қызметтерді ұсынушылармен жасалған шарттарға сәйкес сейсмонығайту жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау.

Сапа: ҚР СЕмН сәйкес денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту.

Ескерту:

*) Объектілердің тізбесі Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімінің бөлінген қаражатты бөлу туралы шешіміне, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

294-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне

эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшін тест-жүйелерді сатып алуға берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттер"

деген 033 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 10890 мың теңге (он миллион сегіз жүз тоқсан мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: АҚТҚ/ЖҚТБ және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын диагностикалауды жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: АҚТҚ инфекциясын және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын эпидемиологиялық қадағалау технологиясына халықаралық стандарттарды енгізу жолымен АҚТҚ инфекциясын және ЖҚТБ индикаторлы ауруларды (вирусты С гепатиті, мерез) зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: АҚТҚ және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын зерттеуге арналған дигностикалық тест-жүйелердің кемінде 896 жинағын сатып алу.

Түпкілікті нәтиже: АҚТҚ инфекциясын және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын эпидемиологиялық қадағалаудың қазіргі заманғы стандарттарын енгізу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: диагностикалық тест-жүйелердің 1 жинағын сатып алуға жұмсалатын орташа шығындар - 12159 теңге.

Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.

Сапа: халықаралық стандарттарға сәйкес АҚТҚ инфекциясын және ЖҚТБ индикаторлы ауруларын зерттеуді жүргізу.

* Ескерту: Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

295-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Аймақаралық сынақ зертханаларын қазіргі заманғы

зертханалық қондырғылармен жабдықтау"

деген 034 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1235500 мың теңге (бір миллиард екі жүз отыз бес миллион бес жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дәрілік заттарды зертханалық сынақ жүргізудің сапасын, сынақтардың нәтижелерін халықаралық деңгейде танымдылығын арттыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кемінде 758 бірлік зертхана жабдығын сатып алу.

Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын арттыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: сатып алынатын жабдық бірлігінің орташа құны - 1629,9 мың теңге.

Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.

Сапа: дәрілік заттар айналымы саласындағы сынақ жұмыстарын жақсарту, дәрілік заттарды талдаудың жаңа әдістемелерін жаңғырту, сараптау және сертификаттау сынақтарын жүргізу кезінде сапасыз дәрілік заттарды анықтауды арттыру, қазақстандық фармацевтика рыногында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жалған дәрілік заттардың болуына тосқауыл қоюға ықпал ету, ұлттың денсаулығына қауіп-қатерді азайту.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

296-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне 5 жасқа дейінгі балаларды дәрі-дәрмекпен

қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"

деген 035 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 517576 мың теңге (бес жүз он жеті миллион бес жүз жетпіс алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 25, 26, 28-баптары; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 55-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; "Азаматтардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлері бойынша дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы № 889 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, балалар өлімінің деңгейін төмендету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 5 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық емдеу деңгейінде уақытында тегін дәрілік қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: амбулаториялық 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды уақытында тегін дәрілік қамтамасыз ету (балалардың орташа жылдық саны - 794771).

Түпкілікті нәтиже: 5 жасқа дейінгі балаларды дәрілік препараттармен тегін қамтамасыз ету есебінен балалардың өлім-жітімін төмендету.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір жағдайды амбулаториялық емдеу кезіндегі дәрілік қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар 651 теңге.

Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.

Сапа: негіздемелеген шағымдардың жоқтығы.

Ескерту:

*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

297-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне жүкті әйелдерді құрамында темір және йод бар препараттармен

қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" деген 036

республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 925517 мың теңге (тоғыз жүз жиырма бес миллион бес жүз он жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; "Азаматтардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлері бойынша дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы № 889 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: организмдегі темір және йод тапшылығына байланысты жүкті әйелдердің денсаулығын жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жүкті әйелдерді құрамында темір мен йод бар препараттармен уақытында тегін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: