- егіншілік дақылдарын және өндірілетін өнім сапасын арттыру;
- отандық тауарлардың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту есебінен ауыл шаруашылығы қайта өңдеу өнімдерінің импорт алмастыру деңгейін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
- өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің және өнімділіктің көлемін арттыру;
- жоғары технологиялық техниканы қолдану есебінен өнімді жинау кезіндегі болатын шығындарды төмендету;
- ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында жаңа технологияларды дамыту;
- жаңа жоғары өндіргіш ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды қолдану есебінен еңбек өнімділігін арттыру;
- аграрлық сектордың машина-трактор паркін ауқымды жаңарту және оған техникалық қызмет көрсету (кепілдік және кепілдіктен кейінгі) бойынша тұрақты қызмет ететін және тиімді инфрақұрылымды құру.
Уақыттылығы:
- ауыл шаруашылығы техникасы тиісті ауыл шаруашылық агротехнологиялық операцияларды іске асырудың басталуына жеткізіледі.
Сапасы:
- техниканы және жабдықтарды АӨК қаржылық тұрақты субъектілеріне ғана беру мүмкіндігінің болуы;
- техника және жабдықтар АӨК субъектілерінің қажеттіліктеріне сәйкес сұранымдар бойынша жеткізіледі;
- ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды сатып алу, негізінен, тікелей өндіруші зауыттарда нарықтық бағалардан төмен бағамен және кепілдік қызметпен сатып алынады.
Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы АҚ жарғылық қорын ұлғайту:
Тікелей нәтижелер: көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету, Баку портында қазіргі заманға сай астық қабылдау терминалын салу, "Ақ-Бидай-Терминал" АҚ мүліктік кешенін банк кепілдігінен сатып алуды жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі заманға сай мақтаны қайта өңдеу зауытын салуды бітіру.
Соңғы нәтижелер: Ақтау, Баку порттарындағы астық терминалдарының болуы теңіз жолымен каспий жағасы өңіріндегі елдерге және олар арқылы Грузияға, Молдаваға және европа елдеріне астық жеткізу кезінде астықты үздіксіз арту мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қазақстандық астық экспортерларының мүмкіндіктерін кеңейтеді, Қазақстан Республикасы экономикасындағы бүкіл астық секторының тұрақтануына және дамуына мүмкіндік туғызады. Мақта зауытының құрылысы тоқыма және тамақ өнеркәсібін жоғары сапалы мақта талшығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті жоғары қосылған құнды экспорттық өнімді сату көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызады.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
1. Ауыл шаруашылығы дақылдарына көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді 2,5 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 298,44 мың га жерге егін егуге және өнімділігі 10 ц/га болған жағдайда 298,44 мың тонна астық алуға мүмкіндік береді;
2005-2008 жылдар үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен алынған процент сомасын есепке ала отырып 2007, 2008 жылдар аралығында жыл сайын қаржыландыру сомасын 5000000 мың теңгеге өсіру, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ (бұдан әрі - Корпорация) көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттары сомасын 12853063 мың теңгеге дейін, ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2008 жылы 1534,3 мың тонна астық дақылдарын жинауға мүмкіндік береді.
2. Баку портындағы астық қабылдау терминалының құрылысы мен жабдықталуын 0,4 млрд. теңге сомасында қаржыландыру әзірбайжан жағымен бірлескен кәсіпорынға Корпорацияның 50%-қатысуын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Баку портындағы терминалды салуға қатысу Ақтау және Баку порттарындағы астық терминалдарын бір көлік жүйесіне келтіруге мүмкіндік береді, бұл Әзірбайжан, Грузия және Түркия рыноктарында қазақстан астығының позициясын орнықтыру мен күшейту үшін жағдай туғызады.
3. "Ақ-Бидай-Терминал" АҚ мүліктік кешенін банк кепілдігінен 1,1 млрд. теңгеге сатып алу Ақтау портындағы астық терминалының жыл сайынғы астық арту көлемін 475 мың тоннаға дейін өсіруге, ал 10 жыл ішінде шамамен 3610 мың тонна астық артып, шамамен 1183890 мың теңге сомасына дейін аккумулятивтік таза пайда алуға мүмкіндік береді.
4. Мақтаны қайта өңдеу зауытын құруға 1,0 млрд. теңгеге қаржыландыру. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде жылдық қуаты 60 мың тонна шитті мақтаны қайта өңдейтін қазіргі заманғы мақта тазалау зауыты құрылады, ол болашағында мақтаны қайта өңдеу рыногының 13% алуы мүмкін.
Уақыттылығы:
1. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру.
Корпорацияның жарғысына республикалық бюджеттен түскен 2500000 мың теңге көлеміндегі ақша қаражаттары көктемгі дала және егін егу жұмыстарын жүргізу мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру үшін мынадай кестеде пайдаланылады:
жыл сайын 1 мамырға дейін - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін жасау және облыстық әкімдіктердің жұмыс топтарымен келісу;
жыл сайын 1 шілдеге дейін - қаржыландыруға және ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында астық жеткізуге келісім-шартқа отыру;
жыл сайын 1 тамызға дейін - екінші деңгейлі банктердің және Корпорациямен анықталған ұйымның кепілдеме міндеттемелерінің кепілдігімен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру.
Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген бюджеттік қаражаттар игерілмеген жағдайда Корпорация қалған қаражаттарды 2006 жылдың егін жинау жұмыстарына кредит беруге бағыттайды.
2. Ақтау портындағы астық терминалының одан әрі дамуын қамтамасыз ету.
Корпорацияның жарғысына түскен 1100000 мың теңге мөлшеріндегі ақша қаражаттары, оны алынған күннен бастап бір тоқсан ішінде "Ақ-Бидай-Терминал" АҚ жарғылық капиталын көрсетілген сомаға ұлғайту жолымен Ақтау теңіз портындағы астық терминалының одан әрі дамуына, айналым құралдарын толықтыруға және жабдықтауға бағытталатын болады.
3. Баку портындағы терминал құрылысы.
Корпорацияның жарғысына түскен 400000 мың теңге мөлшеріндегі ақша қаражаттары теңіз портындағы астық қабылдау терминалының құрылысына және жабдықтауға құрылыс кестесіне сәйкес бағытталатын болады.
4. Мақтаны қайта өңдеу зауытын салуды қаржыландыру.
Ауыл шаруашылығы институтционалды дамуы:
Тікелей нәтижелер:
ауыл шаруашылық өндірушілеріне, ауыл тұрғындарына және өңдеу өнеркәсіптеріне, қызмет көрсетуді ұлғайту және жаппай өндіру кезеңінде мал өнімдерін дайындауды және өңдеуді төмен бағамен жүзеге асыру;
маусымаралық кезеңде терең өңделген өнімдерге нарық бағаларын тұрақтандыру және жанама түрде реттеу, тұрғындардан сатып алуды максималды түрде ұйымдастыру және ішкі нарыққа және экспортқа мал өнімдерін сату көлемін ұлғайту.
Соңғы нәтижелер:
аграрлы өнеркәсіп кешені малшаруашылық секторының, бәсекеге қабілеттігін тиімділігін дамыту және арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
осы бағдарлама бойынша бюджеттік қаржының бөлінуі мал өнімдерін сатып алуды екі есеге ұлғайтады және мал өнімдерінің экспорттық потенциалын көтереді;
импортты алмастыратын өңделген мал өнімдерін өндіруді өсіру.
Уақыттылығы: мал өнімдерін сатып алуды және өндірістік өңдеуді 2006 жылдың желтоқсан айына дейін ұйымдастыру;
мал өнімдерінің тапшылығы кезінде ішкі рынокта бағаны тұрақтандыру. Сапасы:
ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен ауыл тұрғындары өңдеу кәсіпорындарына делдалсыз мал шикізатын және өнімдерді өткізу мүмкіндігін алады, сонымен қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің табысын ұлғайтады;
ішкі рынокты сапалы арзан отандық терең қайта өңделген мал өнімдерімен толықтыру;
республикада мал өнімдерін дайындау, өңдеу, сақтау үшін дайындау инфрақұрылымын дамыту;
ішкі рыноктан ұқсас өнімдерді ығыстыру үшін бәсекелесе алатын импортты алмастыру өнімдерді өндіру ұйымдастыру;
импорттық мал өнімдерінің үлесін төмендету және экспорттың үлесін ұлғайту.
Астық қолхаттары бойынша:
Тікелей нәтижелер: Қордың қатысушылары - астық қабылдаушы кәсіпорындардың астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру квотасын көбейту.
Соңғы нәтижелер: астық қолхаттарын кепілге қою арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді өнім жинағаннан кейінгі несиелендіру көлемін ұлғайту. 2006 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген 800000,0 мың теңге көлеміндегі қаржы "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген 2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аграрлық азық-түліктік бағдарламасын орындау мақсатында құрылған Қордың қаржылық капиталын көбейту үшін пайдаланылады. Бұл қаржыны Қор өз кезегінде астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік берудің көлемін арттыруға пайдаланады.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: Қорға қатысушылар - астық қабылдау кәсіпорындарындағы 2034,8 мың тонна мөлшеріндегі астықтың сақталуын қамтамасыз ету.
Уақытылығы: республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаттарын дер уақытында және толықтай игеру.
Сапасы: Қордың қатысушылары - астық қабылдау кәсіпорындарындағы астық сапасының төмендеу немесе оны жоғалту фактілеріне жол бермеу және астық қолхаттары бағдарламасы бойынша несиелендіру көлемін көбейту.
Ауыл халқына шағын кредит беруді ұйымдастыру:
Тікелей нәтиже:
шағын кредит алған ауыл халқының саны: 2006 ж. - 15756 адам, 2007 ж. - 83769 адам, 2008 ж. - 84615 адам.
кәсіпкерліктің негіздерін үйренген ауыл халқының саны: 2006 ж. - 31848 адам; 2007 ж. - 100000 адам; микрокредиттік ұйымдарды дамыту.
Түпкілікті нәтиже: 1 ауыл тұрғынының табысын көтеру (теңге): 2006 ж - 154; 2007 ж. - 769; 2008 ж. - 769.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: 1 қарыз алушыға шағын кредит беру бойынша шығындар: 2006 ж. - 12,5 мың теңге, 2007 ж. - 8,5 мың теңге, 2008 ж. - 8,5 мың теңге.
Уақттылығы: РББ қаражатын нақты игеру 100%
жоспарға сәйкес өткізілген семинарлардың саны: 2006 ж. - 1327, 2007 ж. - 3700.
Сапасы: үй шаруашылығын шағын кредитпен қамту: 2005 ж. - 0,7%, 2006 ж. - 1,3%, 2007 ж. - 7,0%, 2008 ж. - 7,1%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
119-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ормандарды сақтау және республиканың орманды аумақтарын көбейту»
деген 044 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 54246 мың теңге (елу төрт миллион екі жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін ұлғайту» жобасын әзірлеуге грант бөлу туралы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің арасындағы Келісімді бекіту туралы» 2004 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республиканың орманды алқаптарын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: үйлестіру тобын құру және жарақтандыру және оған жоба бойынша институционалдық зерде беру, орман шаруашылығындағы стратегиялық жоспарлау жөніндегі топ құру, жобаның қаржылық басқару жүйесін әзірлеу, жобалық аумақтарды картаға түсіру жұмыстарын жүргізу, бір жолғы банк комиссиясын төлеу, радиациялық талдау жөнінде жұмыстар жүргізу, орман тұқымы, өрт сөндіру станциясын және бақылау мұнараларын, жолдар мен инфрақұрылымды салу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, 2007 жылы ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын бастау үшін қажет зерттеу жұмыстарын жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: