ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; ҚР Үкіметінің 2006.06.11 № 1055 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 7 тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тұқым шаруашылығының дамуын қолдау:
Тікелей нәтижелері:
бірегей тұқымды 6000-7150 тонна өндіруді және жеміс көшеттерін 59000-60000 данасының шығынын өтеу, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған 53000-55000 тонна элиталық тұқымын арзандату;
2,5 гектар алқаптағы жүзім және жеміс жидек дақылдарының көп жылдық екпе ағаштарын салуға жіберілетін және 5 гектар алқапта салынған жидек дақылдарының аласа діңді телітушілер аналығының бітпеген өндірісіне қолдау көрсету;
республикалық және жергілікті бюджеттен 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан налогтағы берешегін 2000 жылғы 1 қаңтардан кейін аттестатталған элиталық тұқым шаруашылықтарын өтеу;
халықаралық стандарттарға сай келетін және республикада өндірілетін көлемі 682,0 мың сынамаға дейін әрбір мақта бумасының сапасына объективті түрде сараптама жасауды қамтамасыз ететін отандық сертификаттау орталығын құру.
Соңғы нәтижелері: егісте жоғарғы репродукциялы тұқымды пайдаланудың үлестік салмағын арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: арзандатылған тұқымның құны: дәнді-дақылдар 19800 теңгеден кем, картоп - 46000 теңгені және мақта 50000 теңгені құрайды.
Уақытылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: себілетін тұқымның сапасы жақсарады, сапалы тұқымның үлесі 100% құрайды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау:
Тікелей нәтиже:
күтіліп отырған сатылатын арзандатылған асыл тұқымды төлдің саны 178500 - 180500 бас; асыл тұқымды жұмыртқа - 5500 - 7000 мың дана; жоғары өнімді бұқалардың ұрығы - 1400 - 1700 мың доза; мал және құс шаруашылығының асыл тұқымдық базасын қалпына келтіру мақсатында 70 бас отандық және шет елдік селекциядан алынған аталықтар, сондай-ақ шет елдік селекциялық 100 дана эмбриондар мен 10900 бас асыл тұқымды құстар сатып алынады;
асылдандыру ісі үшін 117 дана арнайы технологиялық жабдықтар және техника сатып алынады;
асыл тұқымды мал шаруашылығының әр субъектілеріне сатқан асыл тұқымды өнім (материал) үшін орташа есеппен 3500 мың теңге қаржылай көмек көрсетіледі.
2000 жылғы 1 қаңтардан кейін аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген 126927,6 мың теңге салық соммасын республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтарын өтеу.
Соңғы нәтиже:
отандық тауар өндірушілерге сатылған асыл тұқымды төлдердің есебінен жыл сайын 35-40 асыл тұқымды шаруашылықтар қалыптасады;
сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру бекеттерін қалпына келтіру және жаңадан салу (500-ге жуық) есебінен олардың саны көбейеді, бұл қолдан ұрықтандырылған аналықтардың санын 595,0 мың басқа жеткізуге мүмкіншілік тудырады;
қолдан ұрықтандыру үшін жоғары класты аталық бұқалардың ұрығын пайдалану малдың өнімділігін 10-12%-ға арттыруға мүмкіншілік береді және ретінше мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 6-8%-ке ұлғаяды;
аудандастырылған бағалы тұқымның гендік қорын дамыту және сақтап қалу: болжам бойынша асыл тұқымды мал басының өсуі 10-15% (қойлар 20% жоғары);
құрылып жатқан асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінде 1100-дей жұмыс орындары ашылады;
келешекте екі отандық салт мініс жылқы тұқымдары шығарылады.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: асыл тұқымды мал шаруашылықтарының қаржылай-экономикалық жағдайлары жоғарылайды, сатқан ірі қара мал, жылқы, түйенің әр басынан 25-30 мың теңге, қойдан - 3,5-5 мың теңге, шошқадан - 5-6 мың теңге табыс түседі.
Уақтылығы: берілген бағдарламада көзделген іс-шаралар көрсетілген мерзімде орындалады.
Сапасы: ауыл шаруашылығы малдарының өнімдік және тұқымдық сапалары жоғарылайды, асыл тұқымды малдың жалпы мал санынан үлесі 10%-ға (жылқы - 3,5%) болады, бірінші және элита классты асыл тұқымды малдың үлесі 50% (жылқы мен түйе - 75%) болады.
өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыру:
Тікелей нәтижелері:
80,0-100,0 мың тонна минералды тыңайтқыштардың, 180,0-198,2 мың литр тұқым дәрілерінің және 360,0-383,6 мың литр гербицидтердің құнын арзандату.
Түпкілікті нәтижелері: өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру агротехникалық оралымның және алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар дамуының толық деңгейімен қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтижесі: 1 тонна арзандатылған минералды тыңайтқыштардың орташа құны 15000 теңгені, 1 литр арзандатылған тұқым дәрілерінің орташа құны - 1129,2 теңгені, 1 литр арзандатылған гербицидтердің орташа құны - 2603,8 теңгені құрайды.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды мерзімінде орындау.
Сапасы: минералды тыңайтқыштарды, тұқым дәрілерін және гербицидтерді қолдану нәтижесінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын 10% арттыру.
Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті тауарлы-материалдық құндылықтар бағасын субсидиялау:
Тура нәтиже: көктемгі дала және жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатып алатын 700 мың тонна дизель отынын бағасын субсидиялау.
Соңғы нәтиже: еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін тұрақтандырады; экспорттық потенциалды көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауыл шаруашылығы дақылдарының өзіндік құнын төмендету.
Уақтылығы: бағдарламада қарастырылған іс-шараларды бекітілген мерзімде орындау.
Сапасы: ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін, көлемін арттыру.
ауыл шаруашылығы товар өндірушілерге берілетін судың құнын субсидиялау:
Тікелей нәтижелері: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 8719,2 миллион куб суармалы су жеткізу құнын арзандату.
Түпкілікті нәтижелері: суармалы жерлердің тиімділігін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: суармалы судың бір текше метрінің нақты құны ауылшаруашылығы товар өндірушілеріне берілетін судың бағасын субсидиялау туралы Ережеге сәйкес анықталады.
Уақтылығы: бағдарламада қарастырылған іс-шараларды бекітілген мерзімде орындау.
Сапасы: суарылатын жердің суармалы сумен қамтамасыз етілуі 90% кем болмауы.
мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыруды қолдау:
Тікелей нәтиже: 21,3 мың тонна құрама жемнің құнын төмендету.
Соңғы нәтиже: құс етін өндірудің жалпы көлемін көтеру және құс етінің импорттік үлесін 25%-ға төмендетеді; ішкі нарықты жоғары сапалы отандық өндірістегі бройлер етімен қамтамасыз етіледі (отандық өндірісті құс етінің үлесі 29,4%-дан 41,9% -ға өседі) және құс етінің импорттік үлесі төмендейді (70%-дан 58,1%-ға); отандық құс фабрикаларының құс етін өндіруі ұлғаяды; отандық құс фабрикаларында өндірілетін өнімнің өзіндік құны төмендейді және оның бағасы мен сапасы жөнінен бәсекеге жарамдылығы артады; ауылшаруашылық құстың өнімділігі азықтандыру және күтіп бағу жағдайының жақсаруына байланысты 15-20%-ға өседі; отандық құрама жем өнеркәсібі кәсіпорындарының және құс шаруашылығы кәсіпорындарының арнаулы құрама жем шығаруы 1,8 есе жоғарылайды;
құрама жем өндіру үшін жемдік дәнді дақылдардың өндірісі ынталандырылады (астық дақылдары егісінің көлемі 10-15%-ға жоғарылайды).
Қаржы-экономикалық нәтижесі: құс еті бағасының 45% арзандауы.
Уақытылығы: бағдарламадағы іс шараларды белгіленген уақытта орындау.
Сапасы: ішкі нарықта отандық өндірістегі құс етінің бәсекелестік қабілеттілігі 13,6% өседі, құсты азықтандыру және күтіп бағу жағдайының жақсаруына байланысты, оның бағасының төмендеуі 13,6%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
94-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз
көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау
жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің
құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1048816 мың теңге (бір миллиард қырық сегіз миллион сегіз жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың кепілді мөлшердегі және сапалы ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық меншіктегі сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын, тұратын ерекше маңызды топтық жүйелерден су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: субсидиялаудың дифференциацияланған мөлшерлері бойынша саны жағынан 264 және 10837,8 мың текше метр көлемдегі елді мекенді қамти отырып, ауыз суды үздіксіз беру.
Түпкілікті нәтиже: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қала және ауыл тұрғындарын қажетті көлемдегі қолайлы бағадағы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір текше метр ауыз судың нақты бағасы арзандайды, 2006 жылдың орташа арзандатылған тарифі бір текше метрге шаққанда 33,727 теңгені құрайды.
Уақтылығы: суды беру кестесіне сәйкес ауыз су беру қызметтерінің құнын субсидиялау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының 8 облысының тұрғындары үшін ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандату, республикалық топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен қамтамасыз етілу пайызы 15,61 пайызды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
95-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал
теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-кезең)»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 31245 мың теңге (отыз бір миллион екі жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Арал маңы мәселелерін кешенді шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" жобасының 2-фазасының техникалық-экономикалық негіздемесін алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жобаға әлеуметтік бағалау жүргізу, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін қоршаған ортаға жобаның тигізетін әсерін бағалау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: