«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 86-128-қосымшалар) (үзінді) (2006.11.12. берілген өзгерістермен)

Предыдущая страница

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бір ТЭН әзірлеу ұйымдастыру техникаларын сатып алу.

Түпкілікті нәтиже: "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау 2-фаза" жобасының толық ауқымдағы техникалық-экономикалық негіздемесін алу.

Қаржы-экономикалық нәтижесі: Арал теңізі маңындағы 600 мың тұрғындардың хал жағдайы жақсару үшін 1 ТЭН алу.

Уақтылығы: жұмыс 25 % орындалады.

Сапасы: ТЭН дұрыс қорытынды алу.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

96-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу»

деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 109788 мың теңге (бір жүз тоғыз миллион жеті жүз сексен сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 13 шілде 1999 жылғы «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы; 8 ақпан 2003 жылғы «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 11 ақпандағы № 204 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егу үшін Қазақстан республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарының тұқымын пайдалануы.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сапасы жағынан өнімді және құнды сорттарды айқындау, селекциялық жетістіктердің патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалығы шарттарына сәйкестігі туралы қорытынды беру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне сапасы жағынан анағұрлым өнімді сорттарды енгізу мақсатымен 115 ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша барлығы 890 сорттар сынақтан өтеді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынақтан өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияны, өңірлік және облыстық инспектураларды ауыл шаруашылығы техникасымен жарақтандыру: автомашина - 2 бірлік, астық жинаушы комбайн - 1 бірлік, шынжырлы трактор - 2 бірлік, дөңгелекті трактор - 2 бірлік, тіркеме жабдықтар - 6 бірлік.

Түпкілікті нәтижелері:

ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынақтан өткізу нәтижелерi

бойынша 45-50 сорт өндіріске жіберілетін болады және республика облыстарында аудандастырылады.

Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауыл шаруашылығы дақылдарының

1 сорттық тәжірибесіне жұмсалатын жалпы шығындар 13555 теңгені құрайды.

Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.

Сапасы: Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын пайдаланудың үлес салмағы кемінде 85% құрайды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

97-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру»

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 77099 мың теңге (жетпіс жеті миллион тоқсан тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының 2 фазасын әзірлеуге грант бөлу туралы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкі арасындағы Келісім-Хатқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 2 тамыздағы № 804 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қызметтерінің экономикалық және қаржы тұрақтылығын ұлғайту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының екінші фазасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуді аяқтау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының екінші фазасының техникалық-экономикалық негіздемесін алу.

Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қызметтерінің экономикалық және қаржы тұрақтылығын ұлғайту.

Қаржы-экономикалық нәтижесі: жұмыстың үлестік құны (1 гектарға шаққанда) 300-400 теңге/гектар.

Уақытылығы: жоспарланған жұмыстардың 100% орындалуы.

Сапасы: "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының 2-фазасының техникалық-экономикалық негіздемесіне дұрыс қорытынды алу.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

98-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау»

деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 230483 мың теңге (екі жүз отыз миллион төрт жүз сексен үш мың теңге).

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасында Қарыз туралы келісім (Ауыл шаруашылығын екінші жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы) жасау туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 255 қаулысы; Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің қаржылық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық қаржылық консультациялық қызметке қол жеткізетін ауылдық аудандар тұрғындарының пайызын барынша ұлғайту; ауылдық қаржылық консультациялық қызмет жүйесін дамыту; ауыл шаруашылығын кредиттеу тәуекелін барынша азайту; ұзақ мерзімді ауыл шаруашылық инвестицияларды бағалау бойынша коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялардың функционалдық мүмкіндіктерін бекіту; микроқаржылық ұйымдарды институционалды дамыту.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: өз кезегінде аудандық деңгейдегі 200 консультантты оқытатын консалтингтік компания оқытқан 5 облыстан 30 оқытушы-жаттықтырушы; өсімдік шаруашылығында сақтандыру мен тауар биржалары жөніндегі нормативтік құқықтық базаны талдау жүргізілді; жергілікті консалтингтік компания мен шетелдік жеке консультанттар оқытқан қатысушы банктер мен лизингтік компаниялардың кредит беру бөлімдерінің 80 қызметкері; ауылда жұмыс істейтін микроқаржылық ұйымдардың әлеуеттік мүмкіндіктері зерттеледі және талдау негізінде кейінгі жылдары жобаны іске асыру кезінде микроқаржыландыру үшін қаржы ресурстарын беру және олардың персоналын оқыту үшін микроқаржылық ұйымдардың бірқатары іріктеп алынады.

Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің бизнес-жоспар жасау, кредиттік құжаттарды рәсімдеу бойынша мүмкіндіктері артады; банктердің аграрлық секторға сенімі артады және ауылдық бизнеске кредит ресурстарының ағымы ұлғаяды.

Қаржы-экономикалық нәтижесі: консультанттар тобын ұстау, халықаралық және жергілікті консультанттарды тарту бойынша шығындар инвестициялық жобалар бойынша бекітілген лимиттерден аспайды. Қысқа мерзімді жергілікті консультанттың 1 адам - ай қызмет көрсетуі 127 мың теңгеден аспайды, халықаралық консультанттың - 2 286 мың теңге.

Ауылдық қаржылық консультациялық қызмет жүйесін құру шеңберінде 1 консультантты оқытуға шығындар 30,5 мың теңгеден аспайды.

Уақтылығы: бағдарлама бойынша іс-шаралар осы бағдарлама паспортымен көзделген мерзімдерде жасалады.

Сапасы: ауылдық қаржылық консультациялық қызметпен қанағаттанған фермерлердің 40%-ы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

99-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға

берілетін нысаналы даму трансферттері»

деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 7308497 мың теңге (жеті миллиард үш жүз сегіз миллион төрт жyз тоқсан жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі Жарлығы; «2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендер, қалалар және кіші қалаларды қажетті көлемде және кепілді ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық елді мекендер, қалалар және кіші қалаларды қажетті көлемде және кепілді ауыз сумен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыз сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту және салу бойынша жұмыс көлемінің орындалуы.

Түпкілікті нәтиже: Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен жабдықтау объекттерін пайдалануға енгізілуі.

Уақтылығы: жасалынған келісім-шартқа, жұмыс жоспары-тізбесіне сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

100-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Жұқпалы аурулардан сақтануды қамтамасыз ету»

деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 6203618 мың теңге (алты миллиард екі жүз үш миллион алты жүз он сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8, 10, 11, 12, 20, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 35-баптары; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1431 қаулысы; «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан азаматтарын және жануарлар әлемін адамдар, жануарлар және құстар үшін ортақ аурулардан диагностикалық, алдын алу және жою іс-шараларын жүргізу арқылы қорғау.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi зертхана жабдықтарын халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келтіру; ветеринарлық зертханалардың мамандарына зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін оқыту: республикада жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу; ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі және/немесе туберкулезі бойынша қолайсыз пункттерді сауықтыру; жануарлар мен құстардың тез тарайтын жұқпалы ауруларының ошақтарын оқшаулау және жою; шекаралас мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен құстардың тез тарайтын жұқпалы аурулары енуіне тосқауыл қою; уақтылы диагноз қою.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: