7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:
- 558,3 мың тоннаға дейін көлемдегі астықты мемлекеттік астық ресурстарына сатып алу;
- есеп беру кезеңінің соңына 250,0 мың тоннаға дейін көлемдегі ағымдағы жылғы егіннің астығын мемлекеттік азық-түліктік астық резервіне орналастыру;
- 500,0 мың тонна көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін республиканың астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау;
- 18,0 мың тоннаға дейін көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жеке меншік астық қабылдау кәсіпорындарынан мемлекеттік астық базаларына орнын ауыстыру.
Соңғы нәтижелері:
- есеп беру кезеңінің соңына 45% шамасындағы ағымдағы жылғы егіннің астығын мемлекеттік азық-түліктік астық резервіне орналастыру (ғылыми негізделген нормалар бойынша 30% кем емес);
- республика тұрғындарының астықпен азық-түліктік қамтамасыз ету үлесі - 16,6%;
- астықты мемлекеттік сатып алуға қатысушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің саны - 1900 кем емес.
Қаржы-экономикалық нәтижелері:
- мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 3 сыныпты жұмсақ бидайдың 1 тоннасының орташа бағасы - 11,0-12,0 мың теңге;
- мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 1 тонна астықтың сақтау құны - 138,83 теңге;
- мемлекеттік астық ресурстарының 1 тоннасының орнын ауыстыру бағасы - 1190,0 теңгеге дейін.
Уақтылығы: мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу, сақтау және орнын ауыстыру белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Сапасы: жоғарғы сапалы 100% астық сатып алу, астықтың 100% сандық-сапалық сақталуы, мемлекеттік ресурстарға сатып алынған астықтың 3,6% дейінгі көлемінің орнын ауыстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
103-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және
агроклиматтық қамтамасыз ету»
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 330905 мың теңге (үш жүз отыз миллион тоғыз жүз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 162-бабы; «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемені құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 83 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дала жұмыстарын бастауды, тұқым себудің мерзімі мен көлемін, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауды жоспарлау үшін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін сапалы агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету; өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімінің түсімділігін, жалпы өнімділігі мен сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: топырақ ылғалдылығының жай-күйіне, дала жұмыстарының басталуы алдында топырақ ылғалдылығы қорларын, тұқым себу мерзімдерін, дәнді дақылдарды жинаудың агрометеожағдайларын бағалау және болжау, агрометеорологиялық көрсеткіштерді былтырғы жылғымен салыстырғанда, танаптарда қардың қалың жиналу жағдайын және басқаларды талдау метеопараметрлеріне 100% бақылау жүргізу; жаздық дәнді дақылдар егістігінің жағдайына ғарыштық мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін бағалау, топырақтың құнарлылығын сақтау және көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелері: 3213,3 мың гектарда топырақтың агрохимиялық құрамын анықтау, агрохимиялық зерттеулер жүргізу жөніндегі 10 топырақ-агрохимиялық зертханаға ғылыми-әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз ету үшін. 191 дана агрометеорологиялық мониторинг жөніндегі және 15 дана - ауыл шаруашылығы алқаптарының және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі жөніндегі ақпарат алу, топырақтың қарашірікпен және қоректік заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуі агрохимиялық картограммалары санын 4050 данаға дейін жеткізу, Республикалық агрохимия қызметі ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік кәсіпорнын 2 бірлік "жылжымалы химиялық зертхана" автомашиналарымен, 4 бірлік зертханалық жабдықпен, 1 бірлік зертханалық жиһазбен, 5 бірлік компьютерлік техникамен, 1 бірлік басқа да жабдықпен жабдықтау.
Түпкілікті нәтижелері: 1500-ден кем емес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер топырақтың құнарлығын сақтау мен қалпына келтіру және минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар алады, жыл сайынғы агрохимиялық зерттеулер нәтижелерін жинақтау және талдау жүргізіледі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 90%-дан кем емесі агрометеорологиялық мониторинг жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етіледі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы алқаптарының және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: суарылмайтын алқаптың топырағына агрохимиялық зерттеу жүргізудің орташа бағасы бір бірлігіне 60 теңгені суармалы алқапта - 90 теңгені құрайды, "Республикалық агрохимия қызметі ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік кәсіпорнын ұстау 97294,0 мың теңгені құрайды, агрометеорологиялық мониторинг жөніндегі қызметтің жалпы құны 21174,0 мың теңгені, ғарыштық мониторинг бойынша - 12437,0 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: агрометеорологиялық, ғарыштық мониторингті, агрохимиялық зерттеулер нәтижелері мен ғылыми-өндірістік тәжірибелердің мәліметтері негізінде химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды белгіленген мерзімде әзірлеу және беру.
Сапасы: егістіктің тыңайтылған алқабының 600,0 мың га дейін көбеюі, агрометеокөрсеткіштер болжамдарының 85% шынайылығы мен дәлдігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
104-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 323963 мың теңге (үш жүз жиырма үш миллион тоғыз жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 46, 57, 59 және 84-баптары; "2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы; "Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың басты және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлеу әрі бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 159 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикадағы су ресурстарын тұрақты және теңгерімді пайдалануды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: экономика саласы және тұрғындардың суға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін негізгі бағыттар мен шараларды айқындау; экономика салаларын су ресурстары мен олардың пайдаланылуы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету; Шідерті өзенінің сағасында табиғи көктемгі гидрологиялық режимді қалпына келтіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Есіл, Тобыл, Ырғыз бен Торғай, Нұра өзендерінің салалары, Сарысу өзенінің салалары, Аса өзені су ресурстарын қорғау және кешенді пайдаланудың алты сұлбасын әзірлеуді аяқтау; Орал өзені саласы су ресурстарын қорғау және пайдалану кешенінің негізгі сұлбаларын әзірлеуді бастау; Мемлекеттік су кадастрының суды пайдалану бөлімін жаңарту; Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында 50 млн. текше метр су жіберу.
Түпкілікті нәтиже: әзірленген су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларымен Қазақстан Республикасы аумағының 55 пайызын қамту; экономика саласының тұрақты дамуы үшін, тұрғындардың қажеттілігін кешенді есепке алу үшін су ресурстарының пайдалануын мемлекеттік есепке алу; табиғат қорғау мақсатында Шідерті өзенінің жайылмасына су жіберу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 2006 жылға су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларының құны Есіл өзені бассейнінде - 22019 мың теңге, Тобыл өзенінде - 5923 мың теңге, Торғай мен Ырғыз өзендерінде - 28360 мың теңге, Орал өзені арнасында - 25135 мың теңге, Нұра өзені арнасында - 24046 мың теңге, Сарысу өзені арнасында - 27050 мың теңге, Аса өзенінде - 7038 мың теңгені құрайды; Мемлекеттік су кадастрын құрастырудың бір айлық құны 991 мың теңгені құрайды; Шідерті өзенінің жайылмасындағы "Қаныш Сәтпаев атындағы каналдан" берілетін судың бір текше метрі ҚҚС қоса алғанда 3,45 теңгені құрайды.