ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: суару және дренаж жүйелерін қайта құру, бұл жұмыстар 39,2 мың гектар суармалы жерде 100 пайыз орындалды.
Түпкі нәтиже: өнімділіктің жоғарлауы, жоба бойынша есептік таза пайданың өсуі 28%, халықты жұмыспен қамтудың 21 пайызға артуы, капиталдық салымдардың тиімділігі жоба бойынша 26% құрайды, дақылдардың әр гектардан болатын түсімділігінің (центнер) артуы: мақта - 15,5-тен 25-ке, күздік бидай - 25-тен 36-ға, дәндік жүгері - 17-ден 54-ке, жоңышқа - 34,3-тен 89,0-ға, су ресурстарын үнемдеу 16,9 млн. текше метрден 23,1 текше метрге дейін жоғарылауы. Қаржы-экономикалық нәтижесі: су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы бойынша күрделі қаржы 1 гектарға 153,3 мың теңге, жүйенің ПӘК-ті - 0,60-тан 0,80-ге дейін жоғарылайды.
Уақтылығы: 2006 жылы жобаның екінші фазасы бойынша құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ мердігерлермен жасалған келісім-шарттарға сәйкес пайдалануға берілген жер суландыру дренаждық жүйелері бойынша кепілдік мерзімін аяқтау жоспарлануда.
Сапасы: 100 пайыз фермер шаруашылықтары атқарылған жұмыс нәтижелерімен қанағаттанады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
106-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Су ресурстарын басқару және жерді қалпына
келтіруді жетілдіру жобасына кредит беру»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 260697 мың теңге (екі жүз алпыс миллион алты жүз тоқсан жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы № 1592/1593 (SF) KAZ Заем туралы келісімдерді (»Су қорларына иелік жасау және жерді қалпына келтіруді басқару» жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрақты суармалы егіншілікті дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: экологиялық нормалар мен талаптарды ескере отырып суландыру және дренаж жүйелерін қайта жаңғырту және жақсарту арқылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 39,2 мың гектар алқапта суармалы егіншілікті қалпына келтіру, қайта жаңғыртылған суландыру және дренаж жүйелерін су пайдаланушылар бірлестіктеріне беру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, агротехника мен суару тәсілдерін үйрету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: суару және дренаж жүйелерін қайта құру, бұл жұмыстар 39,2 мың гектар суармалы жерде 100 пайыз орындалды.
Соңғы нәтиже: өнімділікті арттыру, жобалық көрсеткіш бойынша таза пайданың өсуі 28%, халықты жұмыспен қамтудың 21 пайызға артуы, капиталдық салымдардың тиімділігі жоба бойынша 26% құрайды, дақылдардың әр гектардан болатын түсімділігінің (центнер) артуы: мақта - 15,5-тен 25-ке, күздік бидай - 25-тен 36-ға, дәндік жүгері - 17-ден 54-ке, жоңышқа 34,3-тен 89,0-ға, су ресурстарын үнемдеу 16,9 млн. текше метрден 23,1 текше метрге дейін жоғарылауы.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы бойынша күрделі қаржы 1 гектарға 153,3 мың теңге, жүйенің ПӘК-ті - 0,60-тан 0,80-ге дейін жоғарылайды.
Уақтылығы: Жобаның екінші фазасы бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталуы, сондай-ақ мердігерлермен бекітілген келісім-шартқа сәйкес 2005 жылы іске қосылған жер суландыру және дренаждық жүйелер бойынша кепілдік мерзімінің аяқталуы 2006 жылы жоспарлануда.
Сапасы: 100 пайыз фермер шаруашылықтары атқарылған жұмыс нәтижелерімен қанағаттанады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
107-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің
солтүстік бөлігін сақтау"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1246164 мың теңге (бір миллиард екі жүз қырық алты миллион бір жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы Келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 20 наурызындағы Заңы («Арал теңізінің солтүстік бөлігін және Сырдария өзенінің арнасын реттеу (1 фаза) жобасы»); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қазандағы «Арал теңізінің солтүстік бөлігін және Сырдария өзенінің арнасын реттеу (1 фаза) жобасын қаржыландыруға Халықаралық Жаңарту және Даму Банкін тарту» туралы № 1342 қаулысы; «Арал теңізінің мәселелерін кешенді шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалуды қамтамасыз ету, Сырдария өзені атырауының су ресурстарын қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру және балық шаруашылығын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейін тұрақтандыру және Сырдария өзені арнасынан су өтімін реттеу үшін гидротехникалық ғимараттарды салу арқылы Арал маңындағы елді мекендерді су басу қаупін төмендету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Сырдария өзені мен Арал теңізінің солтүстік бөлігінде бөгет, 1 су ғимаратын салу.
Түпкілікті нәтиже: Сырдария өзенінің өтімділік қабілетін жоғарылату. Арал теңізін 42 метр абсолюттік балтық жүйесіне дейін толтыру (жыл сайын, жоба аяқталғаннан кейін).
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жүргізілген шығындардың құны 1000 адамға шаққанда - 2462 мың теңге.
Уақтылығы: жұмыстар тізбе бойынша белгіленген мерзімде орындалуы.
Сапасы: жоба шеңберінде жүргізілген іс-шаралардың сапасына тұрғындардың 75% қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
108-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен
жабдықтау және санитариясы»
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 434499 мың теңге (төрт жүз отыз төрт миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы мен Араб Экономикалық Даму Кувейт қоры арасындағы Арал қаласын (Арал теңізі аймағы) сумен жабдықтау жобасы бойынша қарыз туралы келісімді бекіту туралы» 2001 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қызылорда облысы Арал ауданы тұрғындарын сапасы кепілді және қажетті көлемдегі ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және сумен жабдықтау қызметтерін жақсарту арқылы Арал ауданы тұрғындарының денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Арал ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау көлемін неғұрлым ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Арал қаласы үлестірімді желілерінің 169 шақырымы жаңаруы; бақылау-өлшеу және арнайы техника жабдықтарын сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: Арал қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету; пайдалану іс-шараларын 8 арнайы техника мен және 21 сорғылармен жарақтандыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1000 адамға шаққанда бір ауыз сумен жабдықтау объектісін салу - 8930 мың теңге тұрады.
Уақтылығы: жұмыстар тізбе бойынша белгіленген мерзімде орындалады.
Сапасы: берілетін және тұтынатын судың көлемі 5 есе ұлғаяды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
109-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңарту»
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 4144247 мың теңге (төрт миллиард бір жүз қырық төрт миллион екі жүз қырық жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасындағы қаржы ынтымақтастығы жөніндегі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкісі арасындағы қарыз жөніндегі келісімді бекіту туралы (Ауылдық жерлерді сумен жабдықтау және канализация салалық жобасы) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы «Қазақстан Республикасында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы Заңы; 2004 жылғы 26 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшін қарыз туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сумен жабдықтау және канализация қызметтерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету арқылы таңдап алынған ауылдық елді мекендегі тұрғындардың денсаулығы мен тұрмысын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қажетті көлемде және кепілдігі бар ауыз сумен тұрғындарды қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендер құрылымын жақсарту, жобалау, қалпына келтіру, жаңарту, сумен жабдықтау жүйелерін салу.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: