7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: республикалық меншіктегі 118 су шаруашылығы объектілері мен 10 мемлекетаралық объектілерге пайдалану іс шаралары жүргізілуі.
Түпкілікті нәтиже: 118 республикалық және 10 мемлекетаралық объектілердің техникалық жағдайы жақсарады және ауылдық тауар өндірушілерге суармалы су қажетті көлемде уақытылы берілуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір республикалық су шаруашылығы объектісіне пайдалану іс шараларын жүргізуге орта есеппен 5500 мың теңге және 10 мемлекетаралық объектіге орта есеппен 39200 мың теңге жұмсалады.
Уақытылы жүргізілуі: республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілеріне және мемлекетаралық объектілерге пайдалану іс шаралары бекітілген жұмыс пен қызмет көрсету жоспарына сәйкес іске асырылуы.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына және су шаруашылығы объектілерін пайдалану Ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
112-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ормандардың сақталуын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету»
деген 036 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2286221 мың теңге (екі миллиард екі жүз сексен алты миллион екі жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 110-бабы; 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы; 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы; 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы; «Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; «2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқып тауыспай пайдалану, оларды күзету, қорғау және молықтыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: орман дақылдары тұқымдарының егістік сапасын, олардың энтомологиялық және фитопатологиялық залалдану деңгейін айқындау; орман шаруашылығы саласындағы студенттер үшін оқу практикаларын өткізу; орман дақылдары тұқымының тұрақты базасын қалыптастыру және мұрагерлік қасиеттері жақсартылған отырғызу материалын алу; орман орналастыру, аңшылық ісін ұйымдастыру жұмыстарын және орман шаруашылығын жобалауды өткізу; ормандардың мемлекеттік есебі мен кадастрын жүргізу; орман және аңшылық шаруашылықтары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми-әдістемелік талдамалармен қамтамасыз ету; Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру; ормандарды авиациямен күзетуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асы жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тұқымның егістік қасиеттеріне сертификаттар, себуге әзірленген тұқымды өңдеу жөнінде ұсыныстар алынды, Қазақ мемлекеттік республикалық орман дақылдарының тұқымы мекемесі үшін кеңсе жиһазының 10 жинағы сатып алынды; Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы орман қоры орман өрттерінен және заңсыз ағаш кесуден сақтап қалынды, Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің саны 25-ке дейінгі студенттердің орман шаруашылығын жүргізу жөнінде өндірістік практикадан өтуі жүзеге асырылды, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы материалдық-техникалық базасы 2 бірлік тракторлармен жарақтандырылды, 3172 гектар уақытша орман тұқымы учаскелері таңдап алынды; 664 гектар тұрақты орман тұқымы учаскелерін құру жөнінде алқаптар таңдап алынды және ұсыныстар әзірленді; 32 гектар орман тұқымы плантациялары отырғызылды; 324 гектар артықшылығы бар екпелер іріктеп алынды; 175 дана артықшылығы бар ағаштар іріктеп алынды; 13452 гектар алқапта генетикалық резерваттар бөлінді; 3 гектар жергілікті және жерсіндірілген тұқымдар будандарының перспективалы нысандарынан аналық және орман тұқымы плантациялары құрылды; 100000 дана жергілікті және жерсіндірілген тұқымдар будандарының перспективалы нысандарының отырғызу материалы өсірілді; 3 гектар питомниктер ұйымдастырылды; Алматы және Көкшетау орман селекциялық орталықтары үшін сатып алынды: автомобиль - 2 бірлік, трактор - 1 бірлік, компьютер - 3 бірлік, тереңдік скважинасы бар суару жүйесі - 1 жинақ, спутникті телефон - 2 бірлік, соқа-мала - 2 бірлік, мотоблоктың культиваторы - 2 бірлік, аспалы құралы бар минитрактор - 2 бірлік, кеңсе жиһазы.
2007 жылдың орман орналастыру шараларына дайындық жұмыстары жүргізілді: Алматы облысында - 706,8 мың гектар; Маңғыстау облысында - 242,4 мың гектар; орман орналастыру нысаналары аэрофототүсірмелерімен, ғарыштүсірмелерімен қамтамасыз етілді; топокарталар, шаруашылықаралық жерге орналастыру жоспарлары, аудандық және облыстық карталар сатып алынды; Ақтөбе облысының нысаналары бойынша негізгі ережелер әзірленді.
Далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілді: Павлодар облысында - 178,2 мың гектар; Ақмола облысында - 248,3 мың гектар; Шығыс Қазақстан облысында - 8,3 мың гектар; тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша орман орналастыру жобаларының өндіріске енгізілуіне авторлық қадағалаулар мен тексерулер жүргізілді.
Орман мекемелерінде камеральдық орман орналастыру жұмыстары атқарылды: Ақмола облысында - 86,7 мың гектар; Шығыс Қазақстан облысында - 121,1 мың гектар; Солтүстік Қазақстан облысында - 131,0 мың гектар, камеральдық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде ГИС технологиялары қолданылды және бағдарламалық қамтамасыз ету жетілдірілді, материалдарды электрондық өңдеумен статистикалық есептілікті қабылдау және жинақтау жүзеге асырылды.
Жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді: 2005 жылғы іздестіру бойынша камеральдық жұмыстар: "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 658,8 мың гектар; "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 182,1 мың гектар; Батыс Алтай және Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы ормандарының өртке қарсы құрылғысының мемлекеттік экологиялық сараптамаларының қорытындысы - 247,5 мың гектар; "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты мен "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының мемлекеттік экологиялық сараптамалары - 840,9 мың гектар; Алматы орман селекциядық орталығы суармалы аймақтық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, келісілді және оған сараптама жасалды - 149 гектар; Алматы орман селекциялық орталығының суармалы аймақтық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, келісілді және оған сараптама жасалды - 149 гектар; Алматы орман селекциялық орталығының аймақтық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасының сәулет-құрылыс және мемлекеттік экологиялық сараптамасы өткізілді - 149 гектар;
Жаңа далалық іздестіру жұмыстары: Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 90,3 гектар; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 50,7 гектар; Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жабайы жемісті екпелерін қалпына келтіру және орман баспаған жерлердің ормандануының жұмыс жобасы - 2700 гектар; Солтүстік Қазақстан облысының Соколов орман питомнигының ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 50 гектар; Көкшетау орман селекциялық орталығы суарылатын питомнигы мен плантациясы бар аумағының ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының жұмыс жобасы - 192 гектар;
Алматы облысының Қаскелең орман питомнигының ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 45 гектар;
Астана қаласы мен оның қала шетіндегі аймағы жағдайында қаланы көгалдандыру мен сортаң және батпақты жерлерінде ағаш екпелерін құрудың тәсілдері мен технологияларын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірленді; Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы мен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын кеңейту жөнінде табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленді; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарын әзірлеу әдістемесі; орман қорының жай-күйі туралы есеп; Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің түзетілген техника-экономикалық негіздемесі жасалды; ормандарды экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдістемесі әзірленді, түбірімен босатылатын сүрек дайындау ақысының базалық ставкалары нақтыланды; мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу жөнінде ұсыныстар әзірленді; Жоңғар Алатауындағы алма күйесі мен басқа да жапырақ кеміруші зиянкестердің биоэкологиясы зерттелді және ғылыми негізделген ұсыныстар жасалды; Ертіс бойының қарағайлы ормандарында қылқан жапырақты ағаштарды кеміруші зиянкестермен күрес шаралары әзірленді; қайың ағаштарының кеуіп қалу эхтиологиясы анықталды және аурудан қорғау шаралары әзірленді; ағаш және бұта тұқымдарын микроклон арқылы көбейтудің биотехнологиялық әдістері жасалып, орман шаруашылығы тәжірибесіне енгізілді; шынжыр табанды орман өртін сөндіру машинасының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді және оның тәжірибелік үлгісі жасалды; киіктер санының жай-күйі туралы есеп; аңшылық минимумы бойынша тестілеудің электронды жүйесі мен аңшыларды есепке алудың электронды жүйесі ұйымдастырылды; аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерінің жай-күйіне баға берілді.
"Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны" РМҚК 12 жұмыс орындық бастапқы орман бағалау ақпараттарын өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етумен, 10 бірлік компьютермен, 1 бірлік түрлі-түсті ағынды принтермен жарақтандырылды.
Жер бөлу, жобаны табиғи жағдайға алып шығу - 8000 гектар; 10,5 млн.дана отырғызу материалы өсірілді; 155 гектар орман тұқымы плантациялары құрылды; 9 тұқым ағаш тұқымдарын аудандастырудың бірінші кезеңі өткізілді; 5000 гектар отырғызар алдында топырақ өңдеп отырғызылды; 5100 гектар бұрнағы жылдары отырғызылған орман дақылдарымен толықтырылды, 4,2 млн. дана отырғызу материалы сатып алынды; 1999-2006 жылдарғы 19602,8 гектар екпелерге күтім жасалды; 33043 гектар орман екпелері қорғалды; 2007-2008 жылдары отырғызу үшін 1000 гектар жер дайындалды; 7700 гектар орман екпелеріне күтім жасалды; жер пайдаланушылардың шығындары өтелді; техника жөнделді.
2005 жылғы іздестіру бойынша камеральдық жобалау жұмыстары: Астана қаласының қала шетіндегі аймағының шегінде (батыс бағыты) қорғаныштық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 10000 гектар; Астана-Луговое бағытындағы магистраль бойынша ландштафтық-рекреациялық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 3000 гектар;
Астана-Малиновка бағытындағы магистраль бойынша ландштафтық-рекреациялық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 2000 гектар. 2005 жылдың жобасын табиғи жағдайға алып шығу - 15000 гектар; 2005 жылғы жұмыс жобаларының сәулет-құрылыс және мемлекеттік экологиялық сараптамасы - 3 дана; Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын екпелерін құрудың жұмыс жобасын авторлық қадағалау - 7 жоба.
Жаңа далалық іздестіру жұмыстары: Астана қаласының қала шетіндегі аймағының шегінде (оңтүстік бағыты 1 кезек) қорғаныштық екпелерді құрудың жұмыс жобасы - 7000 гектар;