7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: Қазақстан Республикасының 35 су қоймаларына балық жіберілген; Орал және Қиғаш өзендерінің балық жолы каналдарына балық өсіру-мелиорациялық жұмыстары 10,9 шақырымға жүргізілген; Құнды жас балық түрлерін су қоймаларына жіберуді ұлғайту: бекірені - 4,5%-ға (7000 мың дана көлемінде), тұқы, ақсақа және өсімдікқоректі - 36,6%-ға (187020 мың дана көлемінде); Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерін 535,3 мың текше метр тұнба шығару жолымен балық жолы каналдары түбін тереңдету нәтижесінде балықтардың уылдырық шашу мен жайып семірту жерлеріне көшіп-қонуын қамтамасыз ету. Балық шаруашылығы кәсіпорындары жұмысының тиімділігін арттыру үшін 5 бірлік арнайы автокөлік, 4 бірлік арнайы техника сатып алынған.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының балық ресурстарын қалпына келтіру мен тұрақты пайдалану.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 дана жас бекірені өсірудің құны - 13,43 теңге, жылға дейінгі тұқы және өсімдікқоректі - 5,95 теңге, жылдық тұқы және өсімдікқоректі - 19,64 теңге, екі жылдық тұқы және өсімдікқоректі- 13,60 теңге, ақсаха құрты - 0,15 теңге, тұқы құрты - 0,05 теңге, Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерін 1 текше метр тұнба шығару құны - 410,98 теңге.
Уақтылығы: өсіру биотехникасының талаптарына сәйкес су қоймаларына құнды жас балық түрлерін жіберу; уылдырық шашу мен қайту уақыты есебін қоса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарын жүргізу.
Сапасы: 1 дана жас бекіренің салмағы - 3 г., жылға дейінгі ақсаха және өсімдікқоректі - 25 г., жылдық ақсаха және өсімдікқоректі - 30 г., екі жылдық ақсаха - 150 г., Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерінің балық жолы каналдары параметрлерінің техникалық жобамен сәйкестігі; сатып алынатын техниканың сапа сертификатының талаптарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
115-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар
дүниесін сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету»
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2272814 мың теңге (екі миллиард екі жүз жетпіс екі миллион сегіз жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабы; 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-15-баптары; «Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; «Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 қаулысы; «2005-2007 жылдарға «Жасыл ел» Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен орман қорының объектілерін, биологиялық саналуандықты сақтау, қалпына келтіру және кеңейту, Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларының түрлері мен киіктерінің санын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен орман қорының объектілерін қорғау, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту, табиғи кешендерді сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу және енгізу, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің кәсіпшілік санына қол жеткізу мақсатында олардың табиғи еркіндік жағдайында таралымдарын сақтау және биологиялық жағынан негіздей отырып жыл сайынғы өсімін ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 3540477 гектар алқапта 20 ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау және ұтымды пайдалану, жүргізілген орман дақылдарын отырғызу жұмыстарының алқабы - 3668 гектар; өртке қарсы іс-шаралар алқабы - 35340 км; ормандарды молықтыру алқабы - 4,06 мың гектар.
20 ерекше қорғалатын табиғи аумақ: 340 бірлік жазғы нысанды киіммен, 607 бірлік қысқы нысанды киіммен, 1 бірлік су таситын автомобильмен, 9 бірлік қорапты автомобильмен, 53 бірлік жинақталған компьютерлермен, 31 бірлік орман өртіне қарсы мотопомпалармен, 24 бірлік мотоциклдермен, 35 бірлік қарумен, 13 бірлік күзет машиналарымен, 3 бірлік өрт сөндіру машиналарымен, 1 бірлік принтермен, 31 бірлік радиостанциялармен, 14 бірлік тракторлармен жарақтандырылатын болады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 47 маманы біліктілік деңгейін арттырады, питомниктердегі отырғызу материалы 29,5 млн. данаға көбейеді, 1500 бас қасқыр атып алынады, киіктердің және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері таралымдарының саны олардың табиғи өсімін молайту деңгейінде сақталады.
"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК 2 бірлік күзет машиналарымен, 1 бірлік қорапты автомобильмен, 19 бірлік радиостанцияларымен, 20 бірлік қабылдағыштармен, 10 бірлік цифрлы фотоаппараттармен, 12 бірлік цифрлы бейнекамераларымен жарақтандырылатын болады.
Түпкі нәтиже: табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алқабы 7,9% ұлғаяды, киіктердің және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің саны тұрақтанады, сондай-ақ олардың таралу аймақтары бойынша олардың таралымдарын сан өсімінің есептік деректерімен тіркелген орнықты даму деңгейіне дейін қалпына келтіру.
Уақтылығы: жұмыстар атқарудың, қызметтер кәрсетудің және тауарлар сатып алудың бекітілген жоспарларына сәйкес өртке қарсы жұмыстар және ормандарды молықтыру жөнінде іс-шаралар жүргізу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу, материалдық-техникалық жарақтандыру және 20 ерекше қорғалатын табиғи аумақтың кадрларының біліктілігін арттыру, Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес киіктерді және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау және өсімін молайту үшін нормативтік құқықтық және ұйымдық-шаруашылық шараларын жүргізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 1 гектарын қорғау, молықтыру және онда өртке қарсы іс-шаралар жүргізу 527,5 теңгені құрайды.
Сапасы: орман өрттері қамтыған алқаптардың қысқаруы, қазіргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өздерінің табиғи жағдайында сақталуы, табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қазіргі бар деңгейде сақтау, киіктер санын 10% көбейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
116-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Нұра-Есіл өзендері бассейнінің қоршаған ортасын
оңалту және басқару»
деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 167660 мың теңге (бір жүз алпыс жеті миллион алты жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 26 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өзен арнасы мен оған іргелес аудандарды сынаппен ластанудан тазарту арқылы Нұра өзені алабы аумағында тұратын халықтың әл-ауқатын жақсарту, бұл жергілікті су пайдаланушылардың қауіпсіз, тиімді, аз шығынды баламалы сумен қамтамасыз ету көзіне өспелі мұқтаждығын қанағаттандырады, сондай-ақ су тасқынын басқару үшін және экологиялық мақсатта судың шығынын бақылауды қайта жүргізуге мүмкіндік береді.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоба аумағында судағы сынаптың жоғары концентрациясын төмендету (3000 ПДК-дан ПДК-ға дейін); жоба көлемін реттеу мүмкіндігіне дейін (240 млн. м3)
Ынтымақ су қоймасын жаңғырту, қазіргі уақытта жылдық орта есеппен алғандағы реттелмеген көлемі - 40 млн. м3; Нұра өзеніндегі 17 гидрологиялық бекеттерді және Қарағанды облысының 4 зертханасын техникалық жабдықтау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асы жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: нақты жобалауды әзірлеу жөніндегі есептер; құрылыс жұмыстарына жүргізілген бақылаудың есептері.
Түпкілікті нәтиже: оң сараптау қорытындылары бар егжей-тегжейлі жобалау нәтижелері.
Қаржы-экономикалық нәтиже: сынап қалдықтарының 1 текше метрін көму құны - 2500 теңге.
Уақтылығы: қызметтер мен жұмысты ұсыну бастапқы тізбеге сәйкес.
Сапасы: ПДК деңгейіне дейін ауадағы, судағы, топырақтағы сынап құрамын төмендетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
117-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2123240 мың теңге (екі миллиард бір жүз жиырма үш миллион екі жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі "Ғылым туралы" Заңының 26-бабы; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11 және 17-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 "Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 "Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" қаулысы.