«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 86-128-қосымшалар) (үзінді) (2006.11.12. берілген өзгерістермен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіп кешені салаларының тұрақты дамуы; ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру, халықаралық талаптарға сәйкес бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру; агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау және дамуының перспективалық бағыттарын анықтау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың гендік ресурстарын қалыптастыру, зерттеу және сақтау; ауыл шаруашылық, жеміс-жидек, орманқұрастыратын және басқа дақылдардың сорттары мен гибридтерінің, жануарлардың, құстардың, аралардың, балықтардың тұқымдарының, түрлерінің, кросстарының қолда барларын жетілдіру және жаңа түрлерін шығару; ауыл шаруашылық дақылдардың сорттары мен гибридтерінің түпнұсқалық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; генетиканың, биотехнологияның қазіргі тәсілдерін жетілдіру және оларды селекциялық және биологиялық, химиялық және ветеринарлық препараттарды шығару кезінде пайдалану; ауыл шаруашылық және басқа дақылдарды өсірудің, орманқұру мен орманкөбейтудің технологияларын, су ресурстарын басқарудың тәсілдерінің экологиялық қауіпсіз және экономикалық орынды ресурстарды сақтаушы максималды бейімді әдістерін шығару және жетілдіру; мал шаруашылығы экологиялық таза өнімдері технологияларын жасау және енгіздіру; ауыл шаруашылық жануарлардың өнімді-асылтұқымды сапасын көтеру; жануарлардың ветеринарды жағдайын қамтамасыз ету; жануарлардың, құстардың және балықтардың жұқпалы және паразитті ауруларына қарсы препараттарды, жоғары иммуногендік вакциналарды жасау; экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау үшін бәсекеге қабілетті технологияларды, техникаларды және машиналарды жасау; агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді қызмет атқаруының және ауыл аумақтардың тиімді дамуының экономикалық механизмін жасау; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми зерттеу ұйымдарының және С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің материалды-техникалық базасын модернизациялау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже:

өсімдіктер мен жануарлардың кеңейтілген, зерттелген және құжатталған гендік қоры;

ауыл шаруашылықтық, жеміс-жидектік және басқа дақылдардың, жануарлар, құстар, аралардың және балықтардың түрлері, бағыттары мен типтерінің жоғарыөнімді сорттарын және гибридтерін құру;

ауыл шаруашылықтық және басқа дақылдардың егіп өсірудің, орманды жасанды қалпына келтірудің экологиялық қауіпсіз және экономикалық орынды ресурстарды сақтаушы максималды технологияларын жасау және жетілдіру;

қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды агроөнеркәсіп кешенінің 33 приоритеттік бағыттарында, соның ішінде: 15 жаңа және 18 жалғасушы бағыттарында жүргізу;

ғылыми-зерттеу ұйымдарының:

343-ке жуық ғылыми жабдықтарды, соның ішінде 33 жасуша және молекулалық деңгейде жүргізілетін зерттеулерге арналған жоғары дәлдік жабдықтар, 254 - лабораториялық жабдықтар, 17 - микроскоп, 39 - өлшеуіш жабдықтарды;

68-ге жуық оргтехника, соның ішінде 65 - компьютер, 3 - офистік жабдықтарды;

106-ға жуық ауыл шаруашылық техникаларды, соның ішінде 44 - жер өңдеу және егіс жұмыстарға, 4 - астық жинауға, 8 - ауыл шаруашылық көліктерді, 32 - технологиялық және станоктік жабдықтарды, 18 - су техникасын сатып алуы.

Соңғы нәтижесі:

1000 басқа жуық жануарлардың және 100 нұсқаға жуық өсімдіктердің гендік қоры кеңейтіледі, зерттеледі және құжатталады;

ауыл шаруашылық, жеміс-жидек және басқа дақылдарының жоғарыөнімдік жаңа 54-ке жуық сорттары мен гибридтері шығарылады және мемлекеттік сынаққа жіберіледі;

ауыл шаруашылық жануарлардың, құстардың, араның және балықтардың 2 типтері мен 3 аталы іздері шығарылады;

6 жуық ауыл шаруашылық және басқа дақылдарын өңдеу экологиялық қауіпсіз және экономикалық маңызды, ресурс сақтайтын, барынша бейімделген технологиялар әзірленеді және жетілдіріледі;

3 орман қалыптастыру және орман көбейтудің жасанды технологиялары және 2 су ресурстарын басқару әдістері әзірленеді және 3 жануарларды, құсты, араны және балықты ұстау технологиялары жетілдіріледі;

2 өсімдік шаруашылығы және 3 мал шаруашылығы салаларына арналған ресурс сақтайтын және бәсекеге қабілетті технологиялар және машиналар әзірленеді және жетілдіріледі;

6-дан кем емес тамақтың жаңа таза өнімдерін өндіру технологиясы, 5-тен кем емес ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаудың және қайта өңдеу технологиялары әзірленеді;

қоршаған ортаны қорғау және ресурссақтайтын экологиялық қауіпсіздік технологияларда қолдану үшін микроағзалардың гендік қоры қалыптастырылады және 10 жуық жобалармен толықтырылады;

агроөнеркәсіптік кешені салаларында динамикалық дамуын қамтамасыз ететін 4-тен кем емес ғылыми әдістемелер, экономикалық және ұйымдастыру шаралары әзірленеді.

Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір бағытта жүргізілетін қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстың орташа құны 45212 мың теңгені құрайды.

Уақтылығы: жыл ағымында жасалған шарттарға сәйкес.

Сапасы: аймақтың сәйкес табиғи-климаттық жағдайлары кезінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді және ғылыми-конструкторлық жұмыстарды жүргізу:

ауыл шаруашылық жануарлардың, құстардың, балықтың және араның жоғары өнімді тұқымдары, типтері мен аталық іздерін шығару арқылы мал шаруашылық өнімінің көлемін орташа 5-7% дейін көтерілуіне;

ауыл шаруашылық, жеміс-жидек және басқа дақылдардың жоғары өнімді сорттары мен гибридтерін шығару арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің орташа 15-20% дейін көтерілуіне;

ауыл шаруашылық жануарларының, құстың, балықтың және араның ресурс және энергия сақтайтын баптау және көбейту технологияларын әзірлеу арқылы малшаруашылық өнімін өндіруінің тиімділігі 3-4% дейін көтерілуіне;

егін шығымдылығын өсуінің 5-10% дейін, еңбек шығынның 20% дейін, жағар-жанар май материалдарының шығынын 30% дейін төмендеуін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық және басқа дақылдардың экологиялық қауіпсіз және экономикалық жөнділік, ресурс сақтайтын, барынша бейімделген өсіру технологияларды әзірлеу арқылы егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласының өнімінің өндірудің тиімділігінің көтерілуіне;

су ресурстарын басқаруының әдістерін әзірлеу арқылы су және жер ресурстарын қолдану тиімділігін 15-20% дейін көтерілуі қамтамасыз етуіне;

агроөнеркәсіп кешенінің салаларына арналған ресурс сақтайтын жүйелерін, технологияларын және машиналарын шығару арқылы ауыл шаруашылық өнімін өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындарының өнімділігін қамтамасыз етуіне себепші болады.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

118-ҚОСЫМША

 

212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Ауыл шаруашылығын институционалдық дамыту»

деген 043 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 25241571 мың теңге (жиырма бес миллиард екі жүз қырық бір миллион бес жүз жетпіс бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы" заңының 4, 6, 10-баптары; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 9 және 10-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 "2004-2010 жылдарға арналған Ауылдық аймақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 237 "Аграрлық секторды кредиттеу туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 27 сәуіріндегі № 470 "Астық қолхаттарының міндеттемелерін орындауда кепілдеме жүйесіне байланысты кейбір сұрақтар туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 858 "Тоқыма өнеркәсібі" пилоттық кластерін дамытудың кейбір мәселелері туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 "АКК-ның 2006-2010 жылдарға тұрақты дамуының Концепциясын іске асырудың бекітілген жоспарлар шарасы туралы" қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Аграрлық азық-түліктік секторының тиімді жүйесін қалыптастыру, рыноктік тетіктерін пайдалану негізінде, агроөнеркәсіп кешенінің бюджеттік қаражаттарын инвестициялау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық кредиттік серіктестіктер желісін дамыту;

агроөнеркәсіп кешенінің экспорт және импорт өндірісінің бәсекелестігін кредиттеу жүйесін дамыту жолымен дамыту;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін лизинг негізінде қазіргі заманғы және жаңа ауыл шаруашылығы техникасымен, арнайы техникамен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жабдықтарды сатып алуды қаржыландыру;

Агротехникалық іс шараларды уақытында өткізу мақсатында көктемгі егіс және орақ жұмыстарын қаржыландыру;

Оңтүстік-Қазақстан облысында мақтаны қайта өңдейтін зауыт құру, Баку портында астық терминалын құру және жабдықтау;

Астық рыногын кеңейту;

Ақтау портында астық терминалын дамыту;

Мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу, сатып алуды ұйымдастыру және оның қайта өңделген өнімін сату, олардың бәсекелестігін арттыру;

астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік берудің көлемін арттыру;

экономикалық белсенді ауыл халқына шағын кредиттің жүйесін ұйымдастыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Ауыл шаруашылығы өндірісіне кредит беру жүйесін ұйымдастыру:

Тікелей нәтижелер:

- ауыл аудандарын мейлінше толық қамту үшін ауылдық кредит серіктестіктері желісін 10 бірлікке ұлғайту;

- жеңілдігі бар кредит ресурстарымен қамтамасыз етілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды 15%-ға ұлғайту.

Соңғы нәтижелер:

- ауылдық кредит серіктестіктері жүйесін әрі қарай дамыту үшін жағдай жасау және жеңілдігі бар кредит ресурстарымен қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша кооперативтерге жеңілдікпен кредит беру арқылы инфрақұрылымды көтермелеу;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу нарығында бәсекеге қабілетті орта құру және өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге кепілдік үшін жағдай жасау;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу бойынша инфрақұрылым субъектілеріне кредит беру арқылы экономиканың аграрлық секторына оңтайлы мемлекеттік қолдау көрсету.

Қаржы-экономикалық нәтижесі:

- ауылдық кредит серіктестіктеріне және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктеріне берілетін кредит ресурстары бойынша сыйақы ставкасының пайызын азайту;

- келесі бағыттар бойынша бюджеттік қаражатты игеру жоспарын орындау:

- 10 ауылдық кредит серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысу - 52,5 млн. теңге;

- ауылдық кредит серіктестіктеріне кредит беру - 5347,5 млн. теңге;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу бойынша инфрақұрылымға кредит беру - 3541,571 млн. теңге.

Уақыттылығы:

- 2006 жылғы желтоқсанның соңына дейін қосымша 10 ауылдық кредит серіктестігін құру;

- 2006 жылғы қыркүйектің соңына дейін ауылдық кредит серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін өнеркәсіпке кредит беру;

- 2006 жылғы қарашаның соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша инфрақұрылымға кредит беру.

Сапасы:

- тиімді ауылдық кредит серіктестіктері желісін құру;

- импорттық ауыл шаруашылығы өнімдері үлесін азайту және экспорт үлесін ұлғайту.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыру:

Тікелей нәтижелер:

- машина-трактор паркін 4,9% жаңарту;

- ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша бәсекеге қабілетті өндірісті құру;

- қосымша жұмыс орындарын құру;

- нақты және моральдік тұрғыдан ескірген машина-трактор паркін 0,5% қысқарту.

Түпкілікті нәтижелер:

- қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;