«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 168 бұйрығына № 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2006 жылғы 17 қаңтардағы № 1 Бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 168 бұйрығына № 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2006 жылғы 17 қаңтардағы № 1 Бұйрығы

 

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008.22.12 № 265 Бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 168 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3310, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 69 - тіркелген № 3662 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

130 «Тауарлар сатып алу» кіші сыныбында:

131 «Азық-түлік өнімдерін сатып алу» ерекшелігінде:

«Шығындардың тізбесі» деген бағанда:

«мектептер мен мектеп-интернаттар оқушыларының асханада тамақтануына ақы төлеу» деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:

«Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысына сәйкес егер мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген болса, мектеп асханаларына азық-түлік өнімдерін сатып алу.

Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруды басқа заңды тұлға шарт бойынша іске асырады және бұл шығындар 149-ерекшелік бойынша көрсетіледі.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.