Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 345 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығымен күші жойылды
Жазаны орындауда заңдылықты сақтау кепілдігін күшейту, сотталғандардың құқықтық және әлеуметтік қорғанысын арттыру, шектеулер мен тыйым салулардың санын азайту мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы № 167, 2004 жылғы 27 мамырдағы № 154, 2004 жылғы 8 шілдедегі № 173, 2004 жылғы 24 тамыздағы № 240 және 2005 жылғы 12 мамырдағы № 128 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде (бұдан әрі - Ережелер):
10-тармақта:
бірінші абзацта «10 бабы» деген сөздер алынып тасталсын;
14) тармақтың соңғы сөйлеміндегі «.» тыныс белгісі «;» тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) жеке басының қауіпсіздігіне.»;
12-тармақта:
11) тармақшадағы «бөлме өсімдіктерін өсіруіне» деген сөздер алынып тасталсын;
12-1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
34-тармақта:
«30» деген сан «25» деген санмен ауыстырылсын;
«ТМ бастығы нұсқауы бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
Ережелерге № 3 қосымшаның бірінші бөлігінде «-6» деген сан «-7» деген санмен ауыстырылсын.