7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: 36 тақырып, оның 33 жалғастырушы және 3 жаңа тақырып бойынша қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері жөніндегі есептер және ұсынымдар.
Қоршаған ортаға шығарындылардың және төгінділердің және өндіріс қалдықтарын жинақтаудың тұрақты деңгейінде сақтау бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру; республиканың әртүрлі өңірлеріндегі қазіргі экологиялық жай-күйді бағалау және ғаламдық сипаттағы ауқымды экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шараларды қабылдау үшін ұсынымдарды және әдістерді әзірлеу; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи ресурстарының қазіргі геоэкологиялық жай-күйін оны одан кейінгі дамыту мақсатымен бағалау;
Экология және климат ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу базасын дамыту үшін:
компьютерлік жабдықтың 37 жиынтығы, 8 принтер, 4 көшіру аппараты, 4 ноутбук, 1 плоттер, электрондық метеостанцияның
1 жиынтығы, 2 портативтік газанализатор, 1 эхолот, 16 газ анализатор, 2 электрондық таразы, 1 цифрлық қалтқының деңгей өлшеуіші, 1 ағын жылдамдығын өлшеуіш, 1 кептіру-стерильдеу шкафы,
4 аспиратор, 4 актинометр, 4 альбедометр, 4 баланс өлшеуіш, 4 анемометр, 2 анеморумбометр, 2 метеорологиялық матч,
1 автоматтандырылған арақашықтық гидрологиялық бекеттің 1 жиынтығы, зертханалық диірменнің 1 жиынтығы, геологтың қолға ұстайтын 2 бұрғысы, 3 кептіру шкафы, су сапасын бақылау зертханасының 2 жиынтығы, 2 шаң анализаторы, 2 автокөлік, 2 топырақ ылғалын өлшеуіш, 1 газ өлшегіш аспап сатып алынатын болады.
Соңғы нәтиже: нәтижесінде экологиялық жағдайдың және елдегі халық денсаулығының одан кейінгі төмендеуіне шынайы және әлеуетті қауіп жойылатын қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін жағдай жасау; ғаламдық, ұлттық және өңірлік экологиялық проблемалар туралы, сондай-ақ экологиялық қолайсыз өңірлердегі әлеуметтік қиындықты төмендетуге ықпал ететін климаттың және озон қабатының өзгеруі, биоәралуандылықтың қысқаруы, шөлейттену, топырақ жамылғысының, судың, ауаның, ластануы проблемаларын қоса алғанда, оларды шешудің жолдары мен бағыттары туралы республика халқын ақпараттандыруды арттыру; экология және климат ғылыми-зерттеу институтын жалпы қажеттіліктің 16,8 % аспаптармен және жабдықтармен қамтамасыз ету.
Қаржылай-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 7361 мың теңгені құрайды.
Уақыттылық: тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес жыл бойы.
Сапа: қоршаған орта сапасын неғұрлым қауіпті процестермен және үрдістермен оның тозу және тұрақтану қарқынын бәсеңдету жолымен сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
353-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және қайта жаңарту»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 860731 мың теңге (сегіз жүз алпыс миллион жеті жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы «2004-2006 жылдарға арналған Арал маңы проблемасын кешенді шешу жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» № 520 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау» Бағдарламасы туралы» № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және ұтымды пайдалану, табиғи ортаға ұлғаймалы антропогендік әсер етуді азайту; қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту, қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: табиғи ресурстардың таусылуының және ластануының алдын алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: