7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: 23 елді мекендегі 57 бақылау бекетінде 16 көрсеткішке дейінгі атмосфералық ауаның жай-күй туралы деректер; 10 көрсеткіш бойынша 40 бақылау пунктіндегі атмосфералық жауын-шашынның және 32 бақылау пунктіндегі қар жамылғысының жай-күйі туралы деректер; 66 су объектісінде, оның ішінде 15 бақылау пунктіндегі трансшекаралық су объектілері бойынша 50 көрсеткішке дейінгі беткі сулар жай-күйінің деректері; 5 көрсеткішке дейінгі 15 елді мекендегі топырақтың жай-күйі туралы деректер; радиациялық жай-күйдің деректері (69 бақылау пунктіндегі гамма-ая, 40 бақылау пунктіндегі жиынтық бета-белсенділікке атмосфералық жауын-шашын туралы деректер); Бурабай кешенді станциясына мониторинг; Арал маңындағы қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйі туралы; "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректер; Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректер; Щучье-Бурабай курорттық аймағының жай-күйі туралы деректер.
Зымыран-ғарыш қызметінің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйі туралы деректер.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының экологиялық паспорттарын жасау мақсатында ауылды аумақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу туралы есеп беру.
5 желілік зертхана аттестатталды.
Қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесін техникалық қайта жарақтандыру үшін: 3 спектрофотометр, 3 тұрақты рН-метр, 3 кондуктометр, 3 оксиметр, 5 талдау таразысы, 5 бидистиллятор, 5 кептіру шкафы, 5 су термостаты, 5 тоңазытқыш.
Қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін:
оның ішінде, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі үшін; 3 автоматтандырылған станция, антенналық-фидер қондырғысы бар жабдықтың жиынтығымен радиостанцияның 3 жиынтығы, компьютерлік жабдықтың 3 жиынтығы, автокөліктің 4 бірлігі, 4 моторлы қайық; Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг ұйымдастыру және жүргізу үшін: жиынтығымен атмосфералық ауаның жай-күйін бақылайтын 2 автоматтандырылған тұрақты бекет, 2 жауын-шашын сынамасын алушы, 2 портативті рН-метр, электр жүргізуді өлшеу үшін 1 портативті кондуктометр, радиациялық мониторинг үшін 3 персоналды дозиметр, өлшеуіш аппаратымен және жиынтығымен 1 мобильді зертхана, 1 радиотелефон, 1 гидрографиялық кешен (эхолот) сатып алынды.
Қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесін дамыту үшін:
жиынтығымен атмосфералық ауаның жай-күйін бақылайтын 6 автоматтандырылған тұрақты бекет, жауын-шашын үшін 10 сынама алушы, 10 портативті рН-метр, электр жүргізуді өлшеу үшін 10 портативті кондуктометр;
ауыр металдар мен пестицидтер үшін талдау жабдығының 1 жиынтығы, оның ішінде: 1 атомдық-абсорбциондық спектрометр және 1 газ хроматографы, радиациялық мониторинг үшін 25 персоналды дозиметр, өлшеуіш аппаратымен 3 мобильді зертхана сатып алынды.
Соңғы нәтиже: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсер етуінің алдын алуға мүмкіндік беретін тиімді функциялы экологиялық мониторингтің жүйесі.
Қаржылай-экономикалық нәтиже:
қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүргізуге ортасалмақты шығындар қолданыстағы бақылау желісі бойынша есептегі:
атмосфералық ауаның жай-күйін бақылаушы 1 пунктіне - 1236,7 мың теңгені;
беткі сулардың жай-күйін бақылаушы 1 пунктке - 170,2 мың теңгені;
топырақтың жай-күйін бақылаушы 1 пунктке - 123,5 мың теңгені;
радиациялық мониторингті бақылаушы 1 пунктке - 58,5 мың теңгені құрайды.
1 айға бір станцияға аялық мониторинг жүргізудің құны - 215,6 мың теңге.
1 айға Арал маңындағы қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына мониторинг жүргізудің құны - 538,6 мың теңге.
1 айға Каспий теңізінің қазақстандық қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1600,7 мың теңге.
1 айға "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағына мониторинг жүргізудің құны - 1149,1 мың теңге.
1 айға Щучье-Бурабай курорттық аймағына мониторинг жүргізудің құны - 833,3 мың теңге.
1 айға Балқаш көлі бассейнінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 895,2 мың теңге.
1 айға зымыран-ғарыш қызметінің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумағының учаскелерінің жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізудің құны - 2083,3 мың теңге.
экологиялық паспорттар жасау мақсатында бір облыста ауылдық аумақтарға экологиялық-демографиялық зерттеу жүргізуді аяқтаудың құны - 5000 мың теңге.
Уақыттылық:
қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайынғы ақпараттандыру, бақылау пункттерін құру және тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес негізгі құралдарды сатып алу;
2006 жылғы 15 желтоқсанға дейін Байқоңыр кешенінің әсер етуіне ұшыраған аумақтардағы қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының 6 облысындағы ауылдық аумақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу туралы есеп берулерді алу.
Сапа: қоршаған ортаға бақылау жүргізу, бекітілген басшылыққа алынатын нормативтік құжаттарға сәйкес бақылау бекеттерін және пункттерді құру және сатып алу; зертханалардың халықаралық стандарттың талаптарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
358-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және
қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 584266 мың теңге (бес жүз сексен төрт миллион екі жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау» Бағдарламасы туралы» № 1278 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы «2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының дамуы Бағдарламасын бекіту туралы» № 874 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының өңірлерінде қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және ұтымды пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының өңірлерінде табиғи жүйелер тозуының алдын алу және экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін тиімді тетіктерді және іс-шараларды жасау жөніндегі шаралардың кешенін жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама; Семей қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту станциясын салу бойынша жұмыстың ауқымын орындау (жұмыс ауқымының 43%); Щучинск-Бурабай курорттық аймағының ағынды суларын биологиялық тазарту имараттарының кешенін салуды бастау.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін пайдалануға енгізу.
Қаржылай-экономикалық нәтиже: негізгі қаржы қорының ұлғаюы.
Уақыттылық: жұмыстарды орындаудың және жасалған шарттардың жоспарына-кестесіне сәйкес.
Сапа: ҚНжәнеЕ сәйкес.