7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
магистратураға "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша қабылдау 60 адамды, "Юриспруденция" мамандығы бойынша қабылдау 50 адамды, "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша қабылдау 25 адамды құрайды.
Аспирантураға "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша қабылдау 30 адамды құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің жылдық орташа саны қайта даярлау бағдарламасы бойынша 500-ден кем емес адамды және біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 1500-2000 адамды құрайды.
Магистратура бағдарламасының 30 тыңдаушысы үшін 30 күндік Ольстор университетінде (Ұлыбритания) халықаралық стажировкаларды ұйымдастыру.
Семинарлар, дөңгелек үстелдер, 150 адамнан 3 секция бойынша 3 конференция өткізу;
Халықаралық сарапшыларды шақыру: Франция, Германиядан - 5 адам., Киевтен - 2 адам., Москвадан - 3 адам., Ташкенттен - 1 адам., Бішкектен -1 адам.
1 ғылыми монографияны, 2 ғылыми мақаланы, 12 ғылыми-талдау журналын басып шығару.
Негізгі құралдары және материалды емес активтерді сатып алу: 3-тен кем емес лингафонды құрал-жабдық; 2 бірліктен кем емес автокөлік; 90 бірліктен кем емес лицензиялы оқу бағдарламалар.
Түпкілікті нәтиже:
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, дипломатиялық қызмет персоналы, судьялар, сот жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жалпы қажеттіліктің 45%-60% құрайды.
Мемлекеттік қызметшілерді магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша даярлау жалпы қажеттіліктің 35%-60% құрайды.
Компьютерлік құрал-жабдықтармен 60% және оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтарды 65% жеткізуді қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 2006-2008 жылдарға жинақталған бір магистрант пен аспирантын орташа айлық стипендиясы 50 000 теңгені, бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру бойынша орташа шығындар 38,8 мың теңгені, бір мемлекеттік қызметшіні қайта даярлау бойынша орташа шығындар 27,9 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: оқуды бітірген мемлекеттік қызметшілердің саны - 90 магистрант.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілерге жүктелген қызметтерді сапалы орындауын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жүктелетін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шараларды толық мөлшерде 100% сапалы орындау. Академияны бітірушілердің сапалы дайындығын жақсарту.
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
387-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік қызметшілердің шетелдерде біліктілігін арттыру"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 231161 мың теңге (екі жүз отыз бір миллион бір жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы "Мемлекеттік қызмет өткеру туралы Ережені бекіту туралы" № 357 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" № 1457 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың мемлекеттік қызметін жетілдіру үшін перспективалы кадрларды даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) алдыңғы қатардағы тәжірибені үйрену және қосымша кәсіби білім алу үшін шетелдік ілгері университеттер мен ғылыми орталықтарға мемлекеттік қызметшілерді жіберу;
2) әлемдік тәжірибені үйрену және біліктілікті арттыру үшін өз қызметкерлерін жібере алатын мемлекеттік органдарға жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: