«Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 461 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 30 Бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы
24 желтоқсандағы № 461 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 30 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2008.30.12. № 644 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 121-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 461 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3368 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 170 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3638 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесі:

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректер осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай үлгіде толтырылады:

1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы көрсетіледі;

2-бағанның бағаншаларында әрбір қосалқы шот бойынша есепті кезеңде қалыптасқан дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, бухгалтерлік есепке алудың қосалқы шоттарының атаулары мен кодтары көрсетіледі;

3-бағанда есепті күнгі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тұтастай алғанда дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;

4-бағанда қаржы жылының басында қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша дебиторлық берешектің жалпы сомасы көрсетіледі;

5-бағанда ағымдағы жылы қалыптасқан дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі (3 және 4 бағандар айырмасы);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.