7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік қызметтерді иеленушілер:
1) тікелей нәтиже:
55 академиктерге;
ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан 75 ғалымдарға;
150 жас талапты ғалымдарға стипендияларды төлеу;
24 мемлекеттік сыйлықтарды төлеу;
2) қаржы-экономикалық нәтиже:
академиктерге стипендия - 60 АЕК;
ғылым саласына қосқан үлесі үшін стипендия - 10 АЕК;
жас ғалымдарға стипендия - 7 АЕК;
төрт бірінші сыйақы - 200 АЕК;
үш екінші сыйақы - 150 АЕК;
алты үшінші сыйақы - 50 АЕК;
бір сыйақы - 100 АЕК;
он "Дарын" сыйақысы - 200 000 теңге;
3) уақтылығы: стипендияларды ай сайын, 25 қазанда, 16 желтоқсанда сыйақылар төлеу;
4) сапасы: отандық ғылым мен техниканың сапалы дамуы үшін жаңа білім алуды ынталандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
229-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік
кешендерін әзірлеу және тәжірибеден өткізу, білім беру
саласында қызмет көрсететін республикалық ұйымдар және шетелдегi
қазақ диаспорасы үшін оқу әдебиетін шығару және жеткізу, сондай-ақ Байқоңыр
қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін ресейлік оқулықтар мен
оқу-әдістемелік кешендерді аудару және басып шығару"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 555825 мың теңге (бес жүз елу бес миллион сегіз жүз жиырма бес мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4, 18, 20, 30-баптары; "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау арқылы түзету туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы; "Шет елде тұратын отандастарды мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 3308 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және басып шығару мақсатты бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі № 1173 қаулысы; "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1180 қаулысы, Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына көшу жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оқушылар мен тәрбиеленушілерді, мұғалімдерді сапалы оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету арқылы жоғары банкті мамандарды дайындауға ықпал ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқу әдебиетіне қол жеткізуші оқушылар мен тәрбиеленушілердің, мұғалімдердің пайызын көтеру. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасымен қанағаттандырылған мұғалімдердің пайызын арттыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Арнаулы (түзету) ұйымдары үшін:
1) 1, 3, 5, 9 сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасау - 20 атау;
2) 4, 5, 7, 8 сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер аудару - 9 атау;
3) ресейлік оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер бейімдеу - 8 атау.
2. 2006-2007 оқу жылында 6, 10 сынып оқушыларын оқу әдебиетімен қамтамасыз ету:
1) республикалық білім беру ұйымдары:
6-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 50 атау;
орыс тілінде - 50 атау;
10-сынып бойынша:
жаратылыс-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
қазақ тілінде - 156 атау;
орыс тілінде - 151 атау;
2) шетелдегі қазақ диаспорасы - 167 атау.
3. Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде оқытатын 6 мектеп үшін ресейлік оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер аудару және басып шығару - 254 атау.
4. Оқу әдебиеттеріне сараптама жасау - 5 баламамен 1452 атау.
5. 1-12 сыныптар үшін, педагогикалық мамандықты жоғары оқу орындарының 1-курс студенттеріне "Өзін өзі тану" пәні бойынша:
1) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасау - 53 атау;
2) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер басып шығару - 59 атау.
6. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бухгалтерлік есеп жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу - 4 атау.
7. 12 жылдық мектеп үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу - 52 атау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Оқу әдебиеттің 1 басымдылық парағының орташа бағасы:
1. Арнаулы (түзету) ұйымдары үшін:
1) 1, 3, 5, 9 сыныптары үшін оқулықтар жасау - 30000 теңге;
2) 1, 3, 5, 9 сыныптары үшін оқу-әдістемелік кешендер жасау - 22000 теңге;
3) 4, 5, 7, 8 сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді аудару - 15000 теңге;
4) ресейлік оқулықтар бейімдеу - 30000 теңге;
5) ресейлік оқу-әдістемелік кешендер бейімдеу - 25000 теңге.
2. 2006-2007 оқу жылында республикалық білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасы үшін 6, 10 сынып оқушылары үшін басылым:
1) оқулықтар - 21247 теңге;
2) оқу-әдістемелік кешендер - 2520 теңге.
3. Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде оқытатын 6 мектеп үшін аудару мен басып шығару - 130418 теңге.
4. Оқу әдебиетін сараптау - 650 теңге.
5. 1-12 сыныптар үшін педагогикалық мамандықты жоғары оқу орындарының 1-курс студенттеріне "Өзін өзі тану" пәні бойынша:
1) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасау - 8318 теңге;
2) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер басып шығару - 19383 теңге.
6. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бухгалтерлік есеп жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу - 20000 теңге.
7. 12 жылдық мектеп үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу - 8812 мың теңге.
Соңғы нәтиже:
білім деңгейін көтеру үшін оқушылар мен оқытушылардың оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сұраныстарын қамтамасыз ету.
Уақтылығы:
республикалық жалпы орта білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасын оқу жылының басына қарай оқу әдебиетімен қамтамасыз ету - 100 пайыз.
Сапасы:
Мемлекеттік сараптаманың болымды қорытындысымен оқу әдебиетін дайындау, аудару және басып шығару.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
230-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1473279 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жетпіс үш миллион екі жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 24, 36, 37-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік, қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1180 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бүгінгі өркениеттің түбегейлі жаңару жағдайында ойлау мен іс-әрекетке қабілетті, жан-жақты дамыған, үйлесімді адамды тәрбиелеу, дарынды балаларды әлеуметтік, құқықтық және парасаттық жағынан қорғау, парасаттық мүмкіндікті қалыптастыруға ықпал жасау, республиканың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға халықты қанағаттандыру үшін оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруге себеп жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша бейімдік пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Дарынды балаларды табуға қажетті жағдайлар жасау. Оқушыларды олимпиадаларға жоғары оқу орындарына түсуге іріктеу және даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: