7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: физика кабинеттерімен:
Ақмола облысы - 45 бірліктен кем емес;
Ақтөбе облысы - 45 бірліктен кем емес;
Алматы облысы - 45 бірліктен кем емес;
Атырау облысы - 25 бірліктен кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 45 бірліктен кем емес;
Жамбыл облысы - 30 бірліктен кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 45 бірліктен кем емес;
Қарағанды облысы - 45 бірліктен кем емес;
Қызылорда облысы - 35 бірліктен кем емес;
Қостанай облысы - 35 бірліктен кем емес;
Маңғыстау облысы - 26 бірліктен кем емес;
Павлодар облысы - 40 бірліктен кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 45 бірліктен кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 45 бірліктен кем емес;
Алматы қаласы - 20 бірліктен кем емес;
Астана қаласы - 10 бірліктен кем емес;
Соңғы нәтиже:
- халықтың барлық жіктер үшін сапалы білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- физика кабинетінің оқу құралдары жоқ мектептер санын азайту;
- материалдық-техникалық қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес жарақтандыру;
- білім беру үрдісін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;
- мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыру;
Мемлекеттік жалпы орта білім ұйымдарындағы физика кабинеттерімен жарақтандыру қажеттіліктің 100 пайызын құрайды.
Қаржы - экономикалық тиімділігі: 1 физика кабинетінің жоспарланып отырған орташа құны - 4 230,0 мың теңге.
Уақыттылығы: жасалған шарттарға сәйкес 2-жартыжылдық.
Сапасы: жаңа информациялық және денсаулық сақтайтын оқыту технологиясын енгізу негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру жолымен білім алу үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
236-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитын студенттердің
стипендияларын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1434409 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз төрт миллион төрт жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 36-бабы; "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кәсіптік орта оқу орындарындағы білім алушы оқушыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде кәсіптік орта оқу орындарында білім алушы студенттер стипендияларын төлеуге стипендия мөлшерін нормативке жеткізу жолымен қаржылай көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: *
Тікелей нәтиже:
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде кәсіптік орта оқу орындарында білім алушы студенттер стипендияларын төлеуге стипендия мөлшерін нормативке жеткізу жолымен қаржылай көмек көрсету.
Облыстар бойынша ортажылдық стипендиаттардың контингенті - 42433, оның ішінде: Ақмола - 1947, Ақтөбе - 2203, Алматы облысы - 1798, Атырау - 1542, Шығыс Қазақстан - 3153, Жамбыл - 2911, Батыс Қазақстан - 1660, Қарағанды - 5625, Қостанай - 2875, Қызылорда - 1492, Маңғыстау - 1450, Павлодар - 2193, Солтүстік Қазақстан - 2052, Оңтүстік Қазақстан - 4482, сондай-ақ Алматы қаласы - 4295 және Астана қаласы - 2755.
Соңғы нәтиже:
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде орта кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың оқу үлгерімдерінің көрсеткіштерін көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Стипендияның ай сайынғы төлеу айырмасы 1 оқушыға 2817 теңгені құрайды.
Уақтылығы:
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде орта кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың стипендиясының айырмасын уақытылы төлеу.
Сапасы:
жалпы контингенттің стипендиямен қамтамасыз етілуі орташа алғанда 70 пайызды құрайды;
республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
237-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мәдениет пен өнер саласында үзіліссіз оқуды қамтамасыз ету"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1348764 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық сегіз миллион жеті жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4, 8, 9, 13, 15, 25, 26, 30, 36, 40, 44, 46-баптары; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы № 269 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген білім ұйымдарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1782 қаулысы; "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының атауын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 892 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір білім ұйымдарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1619 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық мәдениет мұқтаждықтарын өнер мен мәдениет саласындағы кәсіптілігі жоғары мамандармен: концерттік ұйымдарда, оқу, мәдени-ағарту орындарында орындаушы-солистік жұмыстар үшін музыканттармен, музыкалық театрлар оркестрлерінің әртістерімен, дирижерларымен, композиторларымен, музыкалық фольклор мамандарымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: музыкалық білімнің бастауыш орта және жоғары буындарын әдістемелік біріктіру; үлгілік және икемді эксперименттік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде үздіксіз оқу процесін қамтамасыз ету; баршаға ортақ буындар жүйесіндегі атқарушы және педагогикалық мектептерді қалыптастыру; оқытудың жаңа прогрессивтік әдістерін әзірлеу және енгізу; ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыс; музыка тану әдебиетін басып шығару; Қазақстан аумағында тұратын халықтардың музыкалық мәдениетімен байланысты халықтық-дәстүрлік жанрлар мамандықтарын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Мемлекеттік қызметтерге ие болушылар: Білім беру ұйымдарының білім алушылар мен студенттері.
1) тікелей нәтиже:
Білім алушылардың орташа жылдық контингенті - 2607;
Қазақ ұлттық музыка академиясының негізгі құралдарды сатып алуы кемінде: пианино - 1 дана; орган - 1 дана; концерттік шағын рояль - 10 дана; концерттік үлкен рояль - 2 дана; сейф - 2 дана; төменгі жиілік акустикасы - 1 дана; фрейзерлік машина - 1 дана; таяныш жарық құралы - 5 дана; жарық аппаратурасы - 1 дана; электр сөндіргіш - 1 дана; үрмелі және халық аспаптары, музыкалық орталық - 1 дана; бейне үштік - 1 дана; картоп тазалағыш - 1 дана; нан кесетін машина - 1 дана; тоңазытқыш камерасы - 1 дана; тоңазытқыш - 1 дана; электр плитасына арналған сорғыш - 5 дана; электрондық таразы - 1 дана; кір жуатын машина, центрифуга, үтіктеу тақтайлары - 1 жиынтық; құрал-жабдық столы - 1 дана; асханаға арналған прилавка - 1 дана.
Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына мыналарды сатып алу, кемінде: белсенді дыбыстық пульті - 1 дана; акустикалық колонка - 1 дана; дыбыстық магнитофон - 1 дана; капсулді вокалдық радиомагнитофон - 1 дана; музыкалық орталық - 1 дана; қара рояль - 1 дана; CD ойнатқышы - 1 дана; синтезатор - 1 дана; фортепиано - 1 дана; бейне камерасы жиынтығымен - 1 дана; бейне магнитофон - 1 дана; теледидар - 2 дана; аккумулятор - 5 дана; бейнекарта - 1 дана; зарядтау құралы - 2 дана; дистанциондық басқару кабелін, ілмекті микрофон - 5 дана; микшер пульті - 1 дана; бейнекарталар - 2 дана; материялық плато - 1 дана; процессор жиынтығымен - 3 дана; күшейткіш (бақылау) - 1 дана; лазерлік принтер - 3 дана; ксерокс - 2 дана; факультеттерге оқу шеберханалары үшін арнайы құрал-жабдықтар - 3 дана; арнайы станоктар, пештер, ағаш жаратын машиналар, аралар - 3 дана; тігін машинасы - 1 дана; картоп тазалағыш - 1 дана; күресуге арналған кілем - 1 дана; жарық құралдарының жиынтығы - 2 дана; құрғақ тазалауға арналған шаңсорғыш - 1 дана; сандық фотоаппарат - 1 дана; шыны шкаф - 1 дана; тартпа-таяныш - 1 дана; баскетбол сауыты - 2 дана.
Екі мекеменің оқу корпустары мен жатақханасын күрделі жөндеуден өткізу.
2) соңғы нәтиже:
мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білімді мамандарға деген 2006 жылғы қажеттіліктен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша өнер және мәдениет саласында жоғары кәсіптік білім алғандар үлесі - 75%;
екі жоғары оқу орнының күрделі жөндеу бойынша қажеттілігін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету дәрежесі -
15%;
2006 жылғы қажеттіліктен республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орындарын жарақтандыру - 35%.
3) қаржы-экономикалық нәтиже:
бір студентке жұмсалатын орташа ағымдағы шығыстар (күрделі жөндеусіз) - 415,8 мың теңге;
4) Уақтылығы:
Өнер және мәдениет саласында жоғары кәсіптік білім алған азаматтар саны - 337.
5) Сапасы:
білім алушылардың жалпы санынан оқудан шығарылған студенттердің үлесі 9%-дан артық емес;
бітірушілердің жалпы санынан жоғары оқу орындарын үздік бітірген жоғары кәсіптік білімді бітірушілердің үлесі кемінде 10%.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 237-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
237-1-қосымша
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Ұшқыштарды бастапқы даярлауды қамтамасыз ету» деген
018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге)
ҚР Үкіметінің 2006.26.12. № 470ф Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мемлекеттік авиациялық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру және маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы № 1085 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық авиация, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер және басқа да күш құрылымдарындағы ұшқыштар құрамының дайындық сапасын көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Азаматтық академия авиациясында және басқа да мемлекеттердің авиациялық оқу орындарында ары қарай дайындау үшін Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшқыштар құрамының және Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының әскерге дейінгі тұлғалардың бастапқы дайындығының сапасын жоғарылату және ұшу дайындығымен байланысты басқа да қызмет, әуе кеңістігінде ұшуды орындау.
ҚР Үкіметінің 2006.26.12. № 470ф Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: