7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Сейсмологиялық станциялардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында негізгі құралдарды сатып алу, кемінде: цифрлық сейсмикалық аппаратура - 5; аналитикалық таразы - 1; техникалық таразы - 1; дебит өлшемі - 2; персоналды компьютер - 5; проектор - 1; УАЗ-31519-095-02 автомашинасы - 2; КамАЗ-45142 автомашинасы -1; геофизикалық өлшеу құралы -6; жер станциясымен спутниктік байланыс аппаратурасы - 5; радиотелефондық ұзартқыш - 3; осциллограф - 6; генератор - 4; электроперфоратор - 4; реттелетін тұрақты ток көзі - 20; триммер - 7.
Қазақстан Республикасының аумағындағы жерсілкіністер каталогы; алғашқы бақылау материалдарының (сейсмограммалардың, цифрлық сейсмограммалардың, деформограммалардың күшті қозғалыстар жазбасының геофизикалық, гидрогеологиялық, сейсмобиологиялық бақылаулар және жер қабығы қозғалыстарын қазіргі бақылау бойынша алғашқы материалдары) мұрағаттары; бақылау түрлері бойынша деректердің базалары; сейсмикалық ("Сейсмо", "Бадис", "Уақытша қатарлар", "Карточка", "Кармех"); геофизикалық ("Магнитка" "Теллурика"), гидрогеологиялық ("Геохим"), қазіргі қозғалыстар ("Қабық"); өлшеу параметрлері негізінде жерсілкіністердің күн сайынғы оперативті болжамдары (барлығы 365 болжам) сейсмологиялық стансалардың беретін өңделген ақпараттарының сапалығы мен автоматты оперативтік процесінің сенімділігін арттыру мақсатында құрылғыларды 60 бақылау пунктін, оның ішінде: 35 стационарлық сейсмологиялық станцияларын жаңарту.
Соңғы нәтиже: жер асты термоминералдық сулардың сейсмикалық, газ химиялық және динамикалық режимдеріне, геофизикалық даланың вариацияларын, жердің үстіңгі қабатының уақытында қозғалуын, жануарлардың мінез-құлқына режимдік бақылаулар жүргізу. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс сейсмикалық белсенді аудандарында қатты жер сілкіністерін болжау мақсатында ақпаратты тіркеу, жинау, беру, өңдеу және сақтау процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар.
Жер сілкіністерін болжау бойынша уақытында ақпарат беру.
Бақылау пунктеріндегі қажеттілікті қанағаттандыру үлесі - 90%.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір бақылау пунктін қамтамасыз етуге орташа шығыстары - 2493,8 мың теңге;
бір бақылау пунктін жарақтандыруға орташа шығыстары - 745,8 мың теңге.
Уақтылығы: жұмыстар өткізу кестесіне сәйкес.
Сапасы: болжамдардың жер қыртысының нақты қозғалыстарымен сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
242-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету және
білім беру қызметтерінің сапасын талдау"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 684472 мың теңге (алты жүз сексен төрт миллион төрт жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарының жүйесін басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысы; "Білім ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудегі жалпы әлеуметтік үрдістерді ескере отырып білім деңгейлері үшін жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарын жасау және енгізу, білімді басқару жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу-бағдарламалық құжаттамалар тәртібін сақтауды әзірлеу және талдау, дене тәрбиесі және спорт бойынша бағдарламалар мен ұсыныстар әзірлеу. 12 жылдық оқу бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу және аудару. Республикада білім ұйымдарында 12 жылдық оқу мерзімі енгізілген мектептердің бастапқы саты үлгісін сынау бойынша эксперименттік жұмыс бағдарламасын іске асыру. Білім беру ұйымдарының беретін оқу материалдарының сапасы мен қабылдау деңгейін өлшеу, білім беру ұйымдарында оқу материалдарын беру сапасын анықтау, оқушы контингенттерін құру механизмін жетілдіру. Кәсіптік білім бағдарламаларын аккредициялаудан өткізу. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау өткізуді ұйымдастыру-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалығының жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсетуі бойынша әдістемелік құралдарды дайындау - 3.
2. Білім беру деңгейлері бойынша: мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары кәсіптік стандарттар әзірлеу және жақсарту - 122.
3. Даму мүмкіндіктері шектеулі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін орыс және қазақ тілінде инклюзивтік білім эксперименттік бағдарламасын әзірлеу - 4.
4. 12 жылдық оқу бағдарламасын әзірлеу және аудару - 516.
5. Ақпараттандыру, дене шынықтыру, қосымша білім және мектепке дейінгі білім, 12 жылдық оқу бойынша, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу процесі саласында, кәсіптік білімді аккредитациялау бағдарламалары саласында оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу - 189.
6. Қазақ тілін оқыту бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу және басып шығару - 60 атау.
7. Электрондық мультимедиялық оқыту бағдарламаларын әзірлеу - 6.
8. Білім жүйесінің жағдайының мониторингін жасау. Қазақстан Республикасындағы білімнің жағдайы туралы ұлттық баяндама жасау.
9. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау, біліктілік беру.
10. Республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығына 26-дан кем емес басты құралдар сатып алу (жиһаз, видеотехника, оргтехника, спорттық және тұрмыс жабдықтары).
Соңғы нәтиже:
Білім беру қызметінің деңгейі мен сапасын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1) Жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсетуі бойынша 1 әдістемелік құрал дайындаудың орташа бағасы - 1211,0 мың теңге.
2) Білім беру деңгейлері бойынша 1 стандартты әзірлеу мен жетілдірудің орташа құны - 153,1 мың теңге.
3) Даму мүмкіндіктері шектеулі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін орыс және қазақ тілінде 1 инклюзивтік білім эксперименттік бағдарламасын әзірлеудің орташа құны - 1126,3 мың теңге.
4) 12 жылдық оқу бағдарламасын әзірлеу және аударудың орташа құны - 227,3 мың теңге.
5) Ақпараттандыру, дене шынықтыру, қосымша білім және мектепке дейінгі білім, 12 жылдық оқу бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу процесі саласында, кәсіптік білімді аккредитациялау бағдарламалары саласында оқу-әдістемелік құралдың 1 данасын әзірлеудің орташа құны - 892,2 мың теңге.
6) Қазақ тілін оқыту бойынша әдістемелік құралдардың бір басылым бетін әзірлеудің орташа құны - 23000 теңгеден кем емес.
7) Қазақ тілін оқыту бойынша әдістемелік құралдардың бір басылым данасының орташа құны - 600 теңгеден кем емес.
8) Электрондық мультимедиялық оқыту бағдарламалардың 1 данасын әзірлеудің орташа құны - 5000 мың теңге.
9) Білім жүйесінің жағдайының мониторингін жасаудың, Қазақстан Республикасындағы білімнің жағдайы туралы ұлттық баяндама жасаудың құны 60000,0 мың теңге;
10) Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау және біліктілігін берудің құны 90000 мыңнан кем емес.
Уақтылығы:
Кесте бойынша жыл бойы жұмыс жүргізу.
Сапасы:
Дәріс берудің мазмұнын, әдістемесін және оқушылардың білім деңгейін бағалауды жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
243-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне арнайы (түзету) білім беру ұйымдарын
арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз
етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 118125 мың теңге (бір жүз он сегіз миллион бір жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 20-бабы; "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 6, 9-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.