«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір
шешімдерінің күшін жою туралы»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы
14 қаңтардағы № 15 бұйрығы
Нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылсын деп танылсын:
1) «Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 6 желтоқсандағы № 1134 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылы 10 қаңтарда № 1356 тіркелген).
2) «Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы № 151 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 22 ақпанда № 1474 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2001 жылғы, № 22 жарияланған).