«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылы 17 қарашадағы № 815
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің 2006 жылғы 17 қаңтардағы № 8 Бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылы 17 қарашадағы № 815 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3267 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы № 1, 11-бабында жарияланған; № 3344 болып тіркелген 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 1, № 3984 болып тіркелген 2005 жылғы 30 қарашадағы № 541 бұйрықтармен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесіндегі:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Әкімші сараптама өткізілген кезде нақты көрсетілген медициналық көмек көлеміне және медициналық көмектің сапасы мен көлемі сараптау қорытындысына сәйкес Жеткізушілермен шарттардағы сомаларды түзетуді жүзеге асырады (осы Ережеге 3-қосымша).
Медициналық көмектің көлемі мен сапасын сараптауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) соңы сараптама өткізілген күннен кейінгі кезеңді бақылау нәтижелері бойынша жүзеге асырады.»;