7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: 160 әкімшілік аудандардағы экологиялық-демографиялық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлаудың аймақтық сызбасын әзірлеу, 1241 ауылдық елді мекендердің жер-кадастрлық карталарын дайындау және басып шығару, 18,8 мың шаруа қожалықтарының жер телімдерінің және 3,0 мың ауыл шаруашылық кәсіпорындарының паспорттарын дайындау.
Соңғы нәтиже: республика аумағында жүргізілген экологиялық-демографиялық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлаудың аймақтық сызбасы, жер-кадастрлық карталармен ауылдық елді мекендердің 32,4 пайызын қамтамасыз ету. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу барысында МЖК ААЖ (АИС ГЗК) деректер қорына жер телімдерінің 58,8 пайызы енгізіледі. Жер телімінің паспортын шаруа қожалықтарының 50 пайызы және ауыл шаруашылық кәсіпорындардың 77 пайызы алады. Жер мониторингін жүргізу туралы мәліметтер 35 пайызды құрайтын болады.
Қаржы-экономикалық нәтиже: экологиялық-демографиялық зерттеулер нәтижесіне сәйкес ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлаудың аймақтық сызбасын әзірлеу бойынша жұмыс көлемінің құны 1000 га жерге 382 теңгені құрайды, жер-кадастрлық жұмыс көлемінің орташа құны 1000 га жерге 10157 теңгені құрайды, жер мониторингін жүргізу бойынша 1000 га жердің құны 4580 теңгені құрайды.
Мезгілділік: осы бағдарламамен қарастырылған іс-шаралар жоспарын бекітілген мерзімде орындау.
Сапасы: ауыл шаруашылық алаптардың жағдайы, пайдаланылуы және сапасы жөнінде анықталған ақпараттар беру, жер қалпына әсер ететін теріс әсерлердің жүрісін жою іс-шараларын құру, сонымен қатар жерді пайдалану мен қорғау жөнінде мемлекеттік бақылау органдарын ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
391-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Топография-геодезиялық және картографиялық өнімдерді және
олардың сақталуын қамтамасыз ету"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 584366 мың теңге (бес жүз сексен төрт миллион үш жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Геодезия және картография туралы" Заңының 4-бабы; 2002 жыл, 3 шілде; Қазақстан Республикасының "Ұлттық архивтер қоры және архивтер туралы" Заңының 4-бабы; 1998 жыл, 22 желтоқсан; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы
10 шілдедегі № 1149 "Қазақстан Республикасының ауылды аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы; "Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1273 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ауылды аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында геодезия және картографияны дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1455 қаулысы; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мөлшерде бәсекелесті геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 100% геодезиялық және картографиялық өнімдерді нормативтік-техникалық актілерге сәйкес жасау және жаңарту, топографиялық-геодезиялық және картографиялық өндірістің 13000,0 мың материалдары мен құжаттарын мемлекеттік есепке алу, сақтау, қолдану және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының 129546 шаршы км ауданын аэротүсіріс материалдарын, нивелирлеу сызығының нүктелер биіктігін алу, 1:25000 - 1:100000 масштабтағы топографиялық карталарды жаңарту (далалық - 620 және камералдық жұмыстар - 666 парақ), 100 парақ топографиялық карталарды құру және басып шығару, 310 парақ цифрлық карталар, 28 парақ тақырыптық карталар құру және карталардың 15000 парағын басып шығару.
Соңғы нәтиже: республикамыздың жалпы 2,7 млн. шаршы км территориясының 4,8% аумағын аэротүсіру, І және ІІ классты нивелирлеу сызығының 19% ұзындығын нивелирлеу, республиканың жалпы территориясының 1,9% аумағының топографиялық карталарын жаңарту, карталардың қажетті парақ санының (4342 парақ) 2% құрылған және басып шығарылған.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Топографиялық-геодезиялық жұмыстар өндірісінің ерекшеліктері үздіксіз циклді қажетсінеді. Объектідегі жұмыстардың орташа ұзақтығы 3 жыл.
1. Бір шаршы км аэроғарыштық түсіріс бағасы күрделілік категориясына және масштабқа байланысты - 712 теңге.
2. Нивелирлеу классына байланысты нивелирлеудің бір текше км бағасы - 12117 теңге.
3. Масштабқа байланысты топографиялық картаның бір шаршы км жаңартудың орташа бағасы далалық жұмыстар - 56771 теңге; камералдық жұмыстар - 24900 теңге.
4. Масштабына байланысты картаның бір парағының орташа бағасы - 46760 теңге, сандалған - 116816 теңге, басып шығару - 300 теңге.
Уақыттылығы: Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар 2006 жылдың 25 желтоқсанында толық көлемде орындалады.
Сапасы: жергілікті жердің нақты жағдайына сәйкес келетін топографиялық карталардың 2% басып шығару.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
392-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер" деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 41020 мың теңге (қырық бір миллион жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8, 9, 10, 11, 139, 152, 153, 159, 160, 161, 162-баптары, 2003 жыл, 20 маусым; Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" Заңының 6-бабы, 2001 жыл, 9 шілде; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы; "Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның ақпараттарын қолдану Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы; "Цифрлы геоақпараттық жүйе негізінде Қазақстан Республикасының табиғи объектілерінің Бірегей мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инновациялық база негізінде жер ресурстарын басқару қызметін жетілдіру; Қазақстан Республикасы жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, потенциалын сақтау және оны экономикалық айналымға қосу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: аталған мақсаттарға сәйкес Бағдарлама келесі міндеттерді шешуді көздейді; мемлекеттік жер кадастрын ғылыми-әдістемелік және оны автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен қамтамасыз ету; жерді мониторингін ғылыми-әдістемелік және тәжірибе-эксперименттік инновациялық қолдау, зерттеу, картографиялау және ландшафты-экологиялық алқаптарды кескінінде және геоақпараттық жүйе негізінде ұйымдастыру; жерді ақылы иеленудің ғылыми-әдістемелік базасының жүйесін, жерді нарықтық айналымға дайындау және жер ресурстарын ұтымды пайдалануын және қорғауын экономикалық стимулдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: 5 тақырып қамтитын, 1 бағыт бойынша жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.