Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 17 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 17 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 196 Қаулысымен күші жойылды

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының есеп беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346 тіркелген, 2005 жылғы 23 қыркүйекте «Заң газеті» № 175-176 (909-910) газетінде жарияланған), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесінде:

2-тармақта:

1), 4) тармақшалар «санында» сөзінен кейін «жеке зейнетақы шоттары» деген сөздермен толықтырылсын;

9) тармақшадағы «.« деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп (осы Ереженің 10-қосымшасы).«;

1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сай редакцияда жазылсын;

4-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сай редакцияда жазылсын;

осы қаулының 3-қосымшасына сай 10-қосымшамен толықтырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.