«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысына 11-37-қосымшалар) (үзінді) (күші жойылды)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша кемінде 10 оқу-жаттығу жиынын, 42 республикалық жарыс өткізу және 20 халықаралық жарысқа қатысу.

Соңғы нәтиже: халықтың әртүрлі жіктерін ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарымен шұғылдануға тарту арқылы салауатты өмір салтын енгізу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға жұмсалатын шығынның орташа құны - 771,0 мың теңге.

Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар өткізу.

Сапасы: ұлттық спорт түрлерін дамыту және халық арасында оны кеңінен таныту арқылы Қазақстан Республикасының беделін арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

27-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету»

деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 965531 мың теңге (тоғыз жүз алпыс бес миллион бес жүз отыз бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы; 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161»2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық-коммуникативтік технологиялар басымдықтарын енгізу арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін және дәстүрлі кітапханалық сервисін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кітапхананың жұмысын динамикалық, дамуына ықпал ету, түрлі әдебиет таратқыштар арқылы тұрғындарға сақтау және жеткізу, ақпараттық ортаны қалыптастыру және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін нығайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- 3 номинация бойынша деректемелік ескерткіштердің тізімін дайындау;

- 3180 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және консервациялау;

- 9300 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарына электронды сандық

нөмірлеу жүргізу;

- 170 кітап көрмесін және 12 тұсаукесер өткізу;

- 25 түрлі шаралар өткізу (ақын, жазушылар мен мәдениет басқа да өкілдерінің қатысуымен оқыту конференциялары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер);

- халықаралық кітапханалық ұйымдардың мүшелігімен халықаралық кітапхана ынтымақтастығы бойынша 8 іс-шараға қатысу;

- 40 кітапханалық ғылыми және ақпараттық басылымдар әзірлеу;

- 2 реабилитациялық байқау өткізу;

- қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттерді сөйлету - 400 сағат;

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына сатып алатындар:

- тұтынушыларға толық ақпараттар жеткізу мен толықтыру үшін түрлі білім саласындағы әдебиеттер;

- оқырмандардың жұмыс орындарын жабдықтау үшін 500 дана орындық, 500 дана стол;

- әдебиеттерді экспонаттау үшін көрме шкафтары - 20 дана;

- сирек кездесетін басылымдарды сақтау үшін сейфтер - 5 дана;

- комфортабельды жұмыс орнын құру үшін кеңсе жиһаздары - 9 комплект;

- температура және ылғалдылығын реттейтін кондиционер - 3 дана;

- компьютер - 21 комплект, сканер - 17 дана, принтер - 9 дана, жүйелі қондырғыларды техникамен жабдықтау үшін қажетті бөлімшелер - 2 дана;

- басылымдық қызметке арналған қондырғылар (резак, термобиндер) - 2 дана;

- құжаттарды ғылыми консервациялау үшін қажетті қондырғылар.

Көздері нашар көретін және көрмейтін азаматтарға арналған республикалық кітапхана:

- қорды толықтыруға арналған әдебиеттер;

- екіпроцессорлық серверлік компьютер - 2 дана техникамен жабдықтау үшін;

- оқырмандар мен жұмыс орындарын жабдықтайтын жиһаздар - 2 комплект;

- зағиптарға арналған графикалық-бедерлі комплекті материалдар мен қондырғыларды шығару үшін әдістеліктер;

- аудиокассеттерге арналған грампластинкаларды көшіру аппараты.

Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана:

- білімнің түрлі саласы бойынша әдебиеттер;

- оқырмандар мен жұмыс орындарын жабдықтау үшін жиһаздар;

- компьютерлер - 53 дана, сканер (барабанды), жұмыс орындарын жабдықтау үшін оргтехникалар;

- сурдокомпьютерлер - 2 дана, көздері нашар көретін және көрмейтін

азаматтар үшін мүмкіндіктері шектелген адамдардың жағдайын жақсарту мақсатындағы жолда қолданылатын тифломагнитофондар, оқитын машиналар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына күрделі жөндеу жүргізудің 1 кезеңі.

Соңғы нәтиже: оқырмандар сұраныстарын орындау сапасын арттыру, өзекті, тақырыптық, нақты электрондық база деректемелер қатарын құру, кітапханалар ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кітапты сақтаудың орташа құны - 2205 теңге.

Уақтылығы: көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.

Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін жоғарылату.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

28-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету»

деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 26361 мың теңге (жиырма алты миллион үш жүз алпыс бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 270 «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері" қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негізінде баспасөз мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасындағы барлық тілде шығатын жарияланымдардың негізгі түрлеріне библиографиялық өңдеуді жүзеге асыру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын есепке алуды, бақылауды және оған ғылыми өңдеуді ұйымдастыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: бақылау экземпляр баспаларын 72079 экземплярда шығару, сонымен қатар:

кітаптар, брошюралар, автореферат - 4138 баспа бірлігі;

журналдар - 3763 баспа бірлігі;

газеттер - 56200 баспа бірлігі;

ноталар - 150 баспа бірлігі;

ұсақ баспа - 7828 баспа бірлігі;

жырлар шығару - 48 номер 11 атпен;

материалды емес активтердің 2 комплект санын сатып алу.

Соңғы нәтиже: барлық баспалардың баспасөздерін 5103451 дана бойынша бақылауды және оған ғылыми өңдеуді көтеру, Қазақстан Республикасындағы баспасөздің дамуы туралы статистикалық жинақтар дайындау.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір баспасөзді сақтап қамтамасыз етудің орташа шығыны - 5 мың теңге.

Уақтылығы: елдің баспа өнімдері туралы ақпаратпен көрсетілген мерзімде қамтамасыз ету, каталог, картотекалар жүйесін енгізу, анықтау және есепке алу, сондай-ақ барлық баспа жарияланымдарға статистикалық есеп жүргізу.

Сапасы: азаматтарды мұрағат құжаттарымен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттық деңгейін көтеру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

29-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»

деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 10480419 мың теңге (он миллиард төрт жүз сексен миллион төрт жүз он тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2001 жылғы 21 маусымдағы «Салық және басқа міндетті түрдегі бюджетке төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі); 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы Келісімінің ратификациясы туралы» 1995 жылғы 4 қыркүйектегі № 2452 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асырудың алдағы шаралары туралы» 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени-мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы» 2005 жылғы 23 сәуірдегi № 1561 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телерадио хабарлары мен мәліметтерді таратудың ұлттық спутниктік жүйесі туралы» 1996 жылғы 4 қазандағы № 1234 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салааралық бағдарламасын бекіту туралы» 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шараларды бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 5 мамырдағы № 430 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономиканың басымды секторларында пилоттық кластерлерді қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жоспарды бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенін қарқынды дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясын құру туралы» 1992 жылғы 9 қазандағы Тәуелсіз Мемлекет Достастығының мемлекет-қатысушы басшыларының шешімі; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының сұрақтары туралы» 1993 жылғы 22 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекет Достастығының Үкімет мемлекет-қатысушы басшыларының шешімі; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы» 1993 жылғы 24 желтоқсандағы мемлекет-қатысушы басшыларының келісімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдегі экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт бағдарларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялау және ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мына бағыттарға бағытталған теледидар және радио бағдарламаларды, жарияланымдарды әзірлеу және тарату; елдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға ақпараттық-насихаттық белсенді қолдау көрсету;

"Қазақстан-2030" даму Стратегиясын жүзеге асыруда мемлекеттің қызметі туралы тұрғындарды ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

конфессияаралық қатынастарда қоғамдық әріптестік принциптерді, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді насихаттау және қолдау;

қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

Мемлекет басшысының "2006 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы" және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды тездетудің жолында" Жолдауын жүзеге асыру шараларына ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз ету;

мемлекеттің ішкі және сыртқы негізгі оқиғалары жөнінде республиканың тұрғындарына нақты, шұғыл ақпараттар беру;

кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;

білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатқа ақпараттық қолдау көрсету;

елдегі азық-түлік бөлігіндегі сұрақтарды жариялау;

тұрғын үй, "электронды үкімет" және басқа мемлекеттік бағдарламаларды жариялау;

мемлекеттік тілді дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: