Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы
(2026.24.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2026.01.07. № 1337 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 21) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бір ай мерзімде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы yлгі ережені әзірлеп, бекітсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жоғарыда аталған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияларды құрсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін: