БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ

«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 596 Бұйрығы

 

Осы редакция 2006 ж. 20 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Өсімдіктерді қорғау туралы" және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, сондай-ақ "Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 613 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;

2) Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;

3) Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.

2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға  лицензиялар беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 26 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2701 тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде" жарияланған, 2004 ж., № 21-24, 931-құжат) күшін жойды деп танылсын.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

А. Мырзахметов

 

 

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау

вице-министрі,

Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігер

2005 жылғы 20 қазан

 

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда

бірінші вице-министрі

2005 жылғы "__"__________

 

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Қоршаған ортаны

қорғау министрі

2005 жылғы 9 қараша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.