«Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық
сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 162 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 34 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3659 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесінде:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
1 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығындар» сыныбында:
120 «Жұмыс берушілердің жарналары» ішкі сыныбында:
125 «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар» ерекшелігінде:
«Ескерту» бағанында «Индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі» кіші бағдарламасы бойынша және» деген сөздер алынып тасталсын;
130 «Тауарлар сатып алу» ішкі сыныбында:
139 «Өзге тауарларды сатып алу» ерекшелігінде:
«Ескерту» бағанында:
«дипломатиялық миссиялар) кіші бағдарламасы» деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын «және «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы»;