«2006 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 5/869 қаулысы (күші жойылды)

«2006 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 5/869 қаулысы

 

Алматы қаласының әкімдігінің 2006.30.12. № 8/1573 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 18-1 баптарын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының Әкімдігі қаулы етеді:

1. Қосымша берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін.

2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті болып саналсын.

3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Ж. Нұрланов):

халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды 2006 жылдың ақпанынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;

2006 жылға арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынының ішінара төлемін өтесін.

4. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынының ішінара өтемақысының мөлшері ай сайын 1,5 төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін және екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.