«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2005 жыл 22 желтоқсан) (жоба) (күші жойылды)

Жоба

 

Қазақстан Республикасының заңы

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қабылданды - 2007 жылғы 21 шілдедегі № 307-III ҚР Заңың қара

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 жыл, № 13, 99-құжат, 2005 жыл, № 9, 26-құжат):

127-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1. «Тарихи-мәдени мұра объектілері, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан жер телімдері тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер деп танылады.»;

2-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін тәртіп бойынша тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерде қорғалатын аймақтар, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.»;

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Тарихи-мәдени мұра объектілерінің күзет аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органдары айқындайды.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган аталған аймақтар шегінде кез келген шаруашылық қызметті шектеуі мүмкін.«.

2. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы Заңына(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 жыл, № 15, 363-құжат; 1995 жыл, № 20, 120-құжат; 2004 жыл № 23, 142-құжат):

1) атауында және мәтін бойынша:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.