(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ » ҚР ЗАҢЫ

«Демпингке қарсы шаралар туралы »
1999 жылғы 13 шілдедегі № 421 Қазақстан Республикасының Заңы

(2006.09.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2006 ж. 31 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2006.09.01  № 114-III ҚР Заңымен  бүкіл мәтін бойынша "қалыпты бағасынан", "қалыпты баға", қалыпты бағасын", "қалыпты бағаны", "Қалыпты баға", "қалыпты бағасы", "қалыпты бағасының", "қалыпты бағасына" деген сөздер тиісінше "қалыпты құнынан", "қалыпты құн", "қалыпты құнын", "қалыпты құнды", "Қалыпты құн", "қалыпты құны", "қалыпты құнының", "қалыпты құнына" деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

 

Осы Заң демпингке қарсы іс қарауды жүзеге асыру, отандық өндірушілерді демпингтік тауар импорты туғызатын теріс пиғылды бәсекеден қорғау мақсатында демпингке қарсы шараларды енгізу және қайта қарау кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда  мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) демпингке қарсы баж - демпингтік тауар импортына салынатын кеден бажының ставкасынан тыс белгіленетін баж;

2) демпингке қарсы істі қарау - егер бұлайша сату ұқсас тауарды отандық өндірушілерге материалдық залал келтірсе немесе оны келтіру қаупін төндірсе, өзінің қалыпты құнынан төмен баға бойынша сатылатын тауар беру жөніндегі құжаттарды қарау рәсімі;

3) демпингке қарсы шаралар - демпингтік тауар импортына ұқсас тауарларды отандық өндірушілерге материалдық залал келтіруді немесе оны келтіру қаупін жою үшін демпингке қарсы уақытша шаралар, демпингке қарсы баж немесе баға міндеттемелері нысанында қолданылатын әкімшілік-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы;

4) демпингке қарсы уақытша шаралар - демпингке қарсы iстi жүргiзу процесiнде Қазақстан Республикасы банкінің кепiлдiк берiлген ақша депозиттерi және (немесе) кепiлдiгi түрiнде демпингтiк тауар импортына қолданылатын демпингке қарсы алдын ала шаралар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.