«Алматы қаласының бюджет комиссиясын құру туралы» Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 1/60 қаулысы (2006.28.08. берілген өзгерістерімен)

«Алматы қаласының бюджет комиссиясын құру туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 1/60 қаулысы

(2006.28.08. берілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджет кодексінің 64-бабы 6-тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімшілігі қаулы етеді:

1. Алматы қаласының бюджет комиссиясы құрылсын (1-Қосымша).

2. Алматы қаласының бюджет комиссиясы туралы Ереже бекітілсін. (2-Қосымша).

3. Мына құжаттардың күші жойылды деп танылсын:

1) Алматы қаласы әкімшілігінің «Алматы қаласының бюджет комиссиясын құру туралы» 2002 жылғы 20 наурыздағы № 2/187 қаулысы;

2) «Алматы қаласы әкімшілігінің «Алматы қаласының бюджет комиссиясын құру туралы» 2002 жылғы 20 наурыздағы № 2/187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы әкімшілігінің 2003 жылғы 4 тамыздағы № 4/442 қаулысы.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы әкімшің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі

И. Тасмағамбетов

 

Әкімшілік хатшысы

К. Тәжиева

 

Алматы қаласы әкімшілігінің

«Алматы қаласының бюджет

комиссиясын құру туралы»

2005 жылғы 9 ақпандағы № 1/60

қаулысына 1-қосымша

 

Алматы қаласы Әкімдігінің 2006.28.08. № 5/1054 қаулысымен құрамы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

 

Алматы қаласы бюджет комиссиясының құрамы

 

Тасмағамбетов

Имангали Нұрғалиұлы

- Төраға, Алматы қаласы Әкімі

 

Бүкенов Қайрат Ахмадиұлы

- Төраға орынбасары, Алматы қаласы

Әкімінің бірінші орынбасары

 

Қабдолов Сардар Серікұлы

- Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары

 

Комиссия мүшелері

 

Заяц Яков Игнатийұлы

- Алматы қаласы Әкімінің орынбасары

 

Сманқұлов Асқар Сұлтанұлы

- Алматы қаласы Әкімінің орынбасары

 

Сейдуманов Серік Тұрарұлы

- Алматы қаласы Әкімінің орынбасары

 

Мұқашев Мәулен Шапанбайұлы

- Алматы қаласы Әкімінің орынбасары

 

Мұқашев Төлеуұлы Төлеубек

- Алматы қаласы мәслихатының хатшысы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.