«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды ресімдеу
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қарашадағы № 263 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 08-1/16 Бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылы 2 қазандағы № 08-1/47 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 08-1/90 бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қарашадағы № 263 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1347 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы «дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің» деген сөздер «шетелдегі мекемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тәртібі туралы ережеге» деген сөздер «ережелерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бекітілген» деген сөз «бекітілген» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің» деген сөздер «шетелдегі мекемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықта: