Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 28 желтоқсан) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қабылданды- 2007 ж. 8 қаңтардағы № 210-III ҚР Заңың қара

ҚР Үкіметінің 2005.28.12. № 1302 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж.,

№ 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 3, 53-құжат):

1) 54-баптың 1-бөлігі мынадай мазмұндағы р) тармағымен толықтырылсын:

"р) қылмыс жасаған адам қылмыстық ізге түсу органдары мен соттан жасырынған және оған қатысты іздестіру жарияланған жағдайлар";

2) 59-баптың екінші бөлігінде:

"жартысынан" деген сөз "үштен екісінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

"үштен екісінен" деген сөздер "төрттен үшінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 63-бап мынадай мазмұндағы 8-бөлікпен толықтырылсын:

"8. Іс-әрекеттерінде қауіпті немесе аса қауіпті қылмыстардың қайталануы болған адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.";

4) 69-баптың бірінші бөлігінде:

в) тармағындағы "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

г) тармағындағы "он бес" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 70-баптың сегізінші бөлігі "ауыстырылған адамға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ қауіпті және аса қауіпті қылмыстар қайталанғанда," деген сөздермен толықтырылсын;

6) 75-баптың бірінші бөлігінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.