(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ 2005.15.04. № 160 БҰЙРЫҒЫ

“Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Жоғары
әскери оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 160 Бұйрығы

 

Осы редакция 2006 ж. 8 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесі бекітілсін.

2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және басқа да мемлекеттердің әскери оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау ережесін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 37 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1171 болып тіркелген).

3. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

 

Армия генералы

М. Алтынбаев

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

2005 жылғы 18 сәуір

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2005 жылғы 15 сәуірдегі

№ 160 бұйрығымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің

жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдаудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына кандидаттарды қабылдау (бұдан әрі - жоғары оқу орны) дайындығы мен өткізу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.