Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар мен орман шаруашылығы мәселелерi бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2006.09.01. № 31 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Қабылданды - 2006 жылғы 7 шілдедегі № 176-III ҚР Заңын қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат, 2005 ж., № 9, 26-құжат):
1) 105-баптың 3-тармағының 5) тармақшасында «қорықтарға, ұлттық, хайуанаттар және дендрологиялық парктерге, ботаникалық бақтарға» деген сөздер «мемлекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттік табиғи резерваттарға, мемлекеттік аймақтық табиғи саябақтарға, мемлекеттік хайуанаттар саябақтарына, мемлекеттік ботаникалық бақтарға, мемлекеттік дендрологиялық саябақтарға және мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 122-бапта:
1-тармақ мынадай редакциямен жазылсын:
«1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік аймақтық табиғи саябақтардың, мемлекеттік хайуанаттар саябақтарының, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық саябақтардың және мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жерлері жатады.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың жер учаскелері оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлінеді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде ескеріледі.