Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері
мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2005.30.12. № 1323 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 200__ жылғы
№__
Президентінің
2005 жылғы "___"_______
№___ Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери
қызмет өткеру ережесi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті тәртіппен шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеру тәртібін айқындайды.
2. Әскери қызмет өткеру бейбіт және соғыс уақытында әскери лауазымға тағайындауды, әскери атақ беруді, аттестаттауды, әскери қызметтен босатуды, сондай-ақ әскери қызметпен байланысты басқа да жағдайларды (оқиғаларды) қамтиды.