«Азаматтық авиацияның әуежайларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 42 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 586 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрінің 2006 жылғы

3 ақпандағы № 42 бұйрығымен

Бекітілген

 

 

«Азаматтық авиацияның әуежайларын күтіп-ұстауға және пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. "Азаматтық авиация әуежайларын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" (бұдан әрі - санитарлық ереже) туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар азаматтық авиация әуежайларының (бұдан әрі - әуежай) аумағына, сумен жабдықтауға, канализациясына, жылуға, желдеткішіне, жарыққа, үй-жайлардың жабдықталуына жеке қызмет адамының жұмыс жағдайына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы санитарлық ереже қызметі әуежайларды жобалаумен, құрылысымен, қайта жаңартумен және пайдаланумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.

 

 

2. Аумаққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық

Талаптар

 

3. Әуежай құрылысына арналған жер учаскесін таңдау геологиялық және гидрогиологиялық мәліметтердің негізінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының келісімі бойынша белгіленген тәртіппен жүргізілуі қажет. Әуежай құрылысының жер учаскесі ластануы мүмкін немесе ластанған көздерден: қоқыс төгілген жерден, қазылған ордан, тыңайтқыш және улыхимикаттар қоймаларынан, өнеркәсіптік ұйымдардан, канализация ғимараттарынан, қалған ескі құдықтардан, шошқа ұстайтын сарайлардан грунт ағысы бойынша 50 метрден (бұдан әрі - м) кем емес жоғарыда алшақтатылған ластанбаған учаскеде таңдалуы қажет.

Әуежай ғимаратын төменгі батпақты жерлерде, су таситын учаскелерде; қар тасқыны болатын және топырақтың басқа да деформация түрлеріне жататын жерлерде; көліктің қарқынды қозғалысы бар магистральдардан 30 м жақын жерлерде орналастыруға рұқсат етілмейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.