«Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік
бағасын анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының
2006 жылғы 8 ақпандағы № 16-6/11п Бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының 18 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 16-6/64-п Бұйрығы «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3874 болып тіркелген, 2005 ж. 22 қарашадағы № 152 (776) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 16-6/64п «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы № 16-6/100п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 12 желтоқсанда № 3970 болып тіркелген, 2005 ж. 27 желтоқсан № 178 (802) «Заң газетінде» жарияланған).
3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | К. Сүлейменов |
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті төрағасының