«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
тұрғын үй салуға 2006 жылға кредит берудің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 наурыздағы № 146 Қаулысы
(2006.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1338 Жарлығына, «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына, «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.24.10. № 1021 Қаулысымен 1-тармақ жана редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
тиісті мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2006 жылға арналған бюджеттерінде тиісті түсімдерді, сондай-ақ осы қаулының 2-тармағын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсынсын;
«Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығына сәйкес пәтерлердің жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін құны 56515 теңгеден аспайтын тұрғын үй салуды қамтамасыз етсін.;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулының 1-тармағы орындалғаннан кейін Қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы (бұдан әрі - Шарттар) 22000000000 (жиырма екі миллиард) теңге сомасында бюджеттік кредиттер (бұдан әрі - Кредиттер) бөлсін, оның ішінде:
Ақмола облысына - 260000000 теңге;
Ақтөбе облысына - 1250000000 теңге;
Алматы облысына - 929800000 теңге;
Атырау облысына - 1270000000 теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 964000000 теңге;
Жамбыл облысына - 360000000 теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 1245000000 теңге;
Қарағанды облысына - 440000000 теңге;
Қостанай облысына - 370000000 теңге;
Қызылорда облысына - 325000000 теңге;
Маңғыстау облысына - 250000000 теңге;
Павлодар облысына - 630000000 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 373000000 теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысына - 2068000000 теңге;
Астана қаласына - 5070300000 теңге;
Алматы қаласы - 6194900000 теңге.
3. Қарыз алушыларға Кредит берудің мынадай негізгі шарттары белгіленсін:
ҚР Үкіметінің 2006.24.10. № 1021 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Кредиттер Қарыз алушыларға Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға 3 (үш) жыл мерзіммен сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
2) Қарыз алушылар Кредиттерді республикалық бюджетке белгіленген мерзімде қайтаруды жүргізеді;
3) Кредиттерді игеру кезеңі кредит берушінің шотынан Кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2007 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Қаржы министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 2-тармағына сәйкес Шарттар жасасуды қамтамасыз етсін;
2) Кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы өтелуін бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрi
| Д. Ахметов |