2006 жылы суда жүзетін жабайы құстарды көктемде аулауды шектеу туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы № 46 Бұйрығы
(2006.21.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 160 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысыменбекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу қою мен тыйым салу ережесіне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу қою мен тыйым салуды белгілеу жөніндегі комиссиясының шешіміне (24.02.2006 ж. № 1 хаттама) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР АШ министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006.21.03. № 63 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді