«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы мен оның орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасының 2006 жылғы 14 наурыздағы № 111 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің
Төрағасы мен оның орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің
Төрағасының 2006 жылғы 14 наурыздағы № 111 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң кейбір мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысына сәйкес бұйырамын:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы мен Төрағаның орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.

2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Төраға

Н. Рахметов

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Салық комитетінің

Төрағасының 2006 жылғы

14 наурыздағы111

бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті

Төрағасының және Төрағаның орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы - Рахметов Н.Қ.:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және салық органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

Мемлекеттік билік органдарында Комитетті таныстырады және кадрлік саясатты айқындайды;

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.