«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 қарашадағы № 2594 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 15 мамырдағы № 3504 Жарлығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті туралы
ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы
4 қарашадағы № 2594 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 15 мамырдағы № 3504 Жарлығы

 

ҚР Президентінің 2006.09.01. № 1696 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығын орындау үшін қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 қарашадағы № 2594 Жарлығымен бекітілген Ережеге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 1-тармақтың 1)-тармақшасы "алдын ала тергеу" сөздерінен кейін "экономикалық, лауазымдық және әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша, жедел іздестіру қызметін, ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлыққа, сондай-ақ басқа да ерекше қауіпті қылмыстық көріністерге қарсы күрес жүргізетін" сөздерімен толықтырылсын;

2) 1-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"өзіне жүктелген міндеттерді атқара отырып, облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша, Қарулы күштердегі, өзге де әскерлер мен әскери құрамалардағы өзіне бағынысты бөлімшелерге, сондай-ақ оқу орындарына, мекемелер мен ұйымдарға басшылықты қамтамасыз етеді, оның ерекше режимді және ерекше маңызды объектілерде, ірі қалалар мен аймақтарда өкілдіктері болады";

3) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"10. Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының үш орынбасары болады, оларды оның ұсынысымен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады";

4) 11-тармақтың 6)-тармақшасында "арнаулы әскери атақтар" сөздері "арнаулы және әскери атақтар" сөздерімен алмастырылсын;

5) 11-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.