«Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері
жөніндегі ұлттық агенттігінің мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 2705 Өкімі
ҚР Президентінің 2006.09.01. № 1696 Жарлығымен күші жойылды
1. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігі орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, аппарат қызметкерлерінің белгіленген саны шегінде 65 адам есебінде бекітілсін.
2. Баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында заңдылықты сақтауды бақылау жөніндегі облыстық инспекциялардың
қызметкерлер саны 42 адам есебінде белгіленсін.