«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот үкімі туралы » 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Төрағасының 2006 жылғы 9 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот үкімі туралы » 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Төрағасының 2006 жылғы 9 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысы

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысымен күші жойылды

 

Қылмыстық істі рақымшылық актісінің негізінде қысқарту туралы қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот үкімі туралы» 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысының 8-тармағы мына редакцияда жазылсын:

«8. Соттың қылмыстық істі рақымшылық актісінің негізінде қысқартуы туралы мәселе, ҚІЖК-нің 301-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, сотталушы мен жәбірленушінің қатысуымен алдын ала тыңдау өткізіліп қаралуға жатады. Осы ретте рақымшылық актісін қолдануға кедергі келтіретін мән-жайлар болмаған жағдайда, сот істі қысқарту туралы қаулы шығарады, онда істі қысқартудың негіздемесі және сотталушының рақымшылық актісін қолданумен келісуі көрсетіледі. Келісу - сотталушының тағылған айыпты толық мойындауы деп есептеледі. Істі қысқарту туралы қаулы ҚІЖК-нің 307-бабыныңталаптарына сәйкес келуі тиіс және заттай дәлелдемелер туралы мәселені ҚІЖК-нің 121-бабының үшінші бөлігімен белгіленген тәртіпте шешуі керек.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.