(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2006.30.01. № 13-Ө ӨКІМІ

«Шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс
топтарын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы
№ 13-Ө Өкімі

 

Осы редакция 2006 ж. 9 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Шағын және орта бизнесті тұрақты және серпінді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіру мақсатында:

1. Осы өкімге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес әкімшілік кедергілерді азайту және төрешілдіктен арылту мәселелері жөніндегі, қаржы-экономикалық мәселелер және инновациялық қызмет жөніндегі жұмыс топтары (бұдан әрі - жұмыс топтары) құрылсын.

2. Жұмыс топтары бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлесін.

3. Әкімшілік кедергілерді азайту және төрешілдіктен арылту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде тексерулерді оңтайландыру және оңайлату, шағын және орта бизнес субъектілерінің есеп беруін оңайлату, шағын және орта бизнес субъектілерімен жұмыс істеу кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін айқындау жөніндегі мәселелерге ерекше назар аударуы қажет.

4. Қаржы-экономикалық мәселелер және инновациялық қызмет жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде инновациялық қызметте шағын және орта бизнес өкілдері қатарының кеп қатысу уәжі мен мүмкіндігін туғызуға ерекше назар аударуы қажет.

5. Жұмыс топтарына ғалымдардың, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатарынан қайтарымсыз негізде тәуелсіз сарапшылар тартуға рұқсат берілсін.

6. "Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 358-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.