Күтілетін нәтижелер:
мемлекеттік қолдаумен егіншіліктің ылғалқорсақтау технологиясын жаппай жедел енгізу, жер жырту көлемін азайтуға қол жеткізу, ылғалды сақтауды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыру, еңбек шығынын қысқарту, жанар-жағар май материалын, жұмыс күшін, материалдық ресурстарды және ақша қаражатын үнемдеу, құрал-жабдықтарға шығыстарды азайту;
топырақ қабатының жоғарғы қабатында органикалық заттарды сақтау, су және жел эрозиясы қатерін азайту, топырақтың құнарлылығын жоғарылату және құрылымын жақсарту.
§ 1.3. Суармалы егіншілікті дамыту
Мәселелер:
суармалы жердің тұздану, сортаңдану және суландыру эрозиясына ұшырауы процесінің дамуы;
суару жүйелерінің пайдалы қызмет коэффициентінің төмендеуі;
тұтынылатын суды шынайы есепке алудың жүргізілмеуі;
мелиорацияны мемлекеттік бюджет және басқа да көздердің есебінен қаржыландыру көлемінің аздығы;
суармалы жерлерді көп жағдайда монодақылды егуге ғана пайдалану, ғылыми негізделген ауыспалы егістің сақталмауы;
ішкі суару жүйелерін пайдалану және ұстап тұру бойынша су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерін (ары қарай - САТК) ұйымдастырудың әлсіздігі;
күріш өңделетін негізгі өңірлерде суару су жеткіліксіз;
мақта өңделетін негізгі өңірлерде суару судың шығыстарының артуы.
Шаралар:
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
гидромелиорациялық кондоминиумді және САТК құруға және нығайтуға ықпал ету;
судың есебін жүргізу жүйесін қалпына келтіру және суару жүйелеріндегі гидропосттарды паспорттауды жүргізу;
суармалы жерлерде су пайдалануды басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдіру;
суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту шараларын жүргізу;
шаруашылық аралық арналар және гидромелиорациялық құрылыстардың айрықша қауіпті учаскелерін күрделі жөндеу және қалпына келтіру;
суару жүйелерін қайта жаңарту және қайта жабдықтау;
суарудың суды үнемдейтін және топырақты қорғайтын технологияларын пайдалану;
суармалы жерлердегі егіс алаңдары құрылымдарын жетілдіру;
кешенді мақсаттағы гидротехникалық құрылыстар және су қоймаларын қайта жаңарту;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге суару суын жеткізу қызметі бойынша құнды субсидиялау;
ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің прогрессивтік технологияларын қолдану;
суармалы жерлердегі мелиоративтік жүйелерді кешенді қалпына келтіру үшін республикалық бюджет және халықаралық қаржы институттарының қаржыларын тарту.
Күтілетін нәтижелер:
суармалы жерлерді рациональды пайдалану, ауыспалы егісті қалпына келтіру есебінен топырақтың құнарлылығын сақтау және жоғарылату;
мелиоративтік жүйенің пайдалы әрекет коэффициентін арттыру.
§ 1.4. Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жанар-жағар май
материалдары рыногын басқарудың жаңа тетіктерi
Мәселелер:
соңғы жылдардағы мұнай мен мұнай өнімдеріне әлемдік бағаның өсуі ішкі бағаның өсуіне әкелді;
мұнай өнімдері (дизельдік отын) рыногын реттеуде ауыл шаруашылығы науқанын жүргізу кезеңінде оларға бағаны төмендету мақсатымен рыноктық емес әдістерді пайдалануы;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ЖЖМ-ға қолжетімдігінің тиімді тетіктерінің жоқтығы.
Міндеттер:
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолжетімді баға бойынша жанар-жағар майлармен қамтамасыз ету.
Шаралар:
жыл сайын облыстар қимасында дизельдік отынға қажеттілікті анықтау;
дизельдік отынды өңірлік мамандандырылуды ескере отырып бөлу;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктеріне және бекітілген облыстарға сәйкес мұнай өндіруші зауыттардың (бұдан әрі - МӨЗ) ішкі рынокқа мұнай өнімдерін жеткізуін қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ЖЖМ сатып алу жөніндегі ұсынылған құжаттары және егілген алаңдар туралы анықтамалары (1-сурет) негізінде көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуі үшін дизельдік отынның құнын субсидиялау;
ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін мұнай өнімдерін құюға жылжымалы құрамның үздіксіз және уақытылы берілуін қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер:
астық түсімділігін оңтайлы мерзімде барлық агротехникалық шараларды орындау есебінен жоғарылату;
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақтандыру және оның табыстылығын арттыру;
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
1-сурет. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге субсидия
төлеу сызбасы

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 5 қазандағы № 908 Қаулысымен 1.5 параграфы өзгертілді (бұр. ред. қара)
§ 1.5. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта
өңдеудің техникалық жарақтануын сапалы арттыру
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта
өңдеудің техникалық жарақтануын арттыру
Мәселелер:
ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейінің жоғарылылығы (80 %) және жаңартудың баяу қарқыны (5,6 % соңғы төрт жылда);
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің арнайы техникамен және құрал-жабдықтармен жарақтануының төмендігі;
республиканың машина-трактор паркін жаңартуға мемлекет бөлетін қаржының жеткіліксіздігі;
ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдеріне бағаның теңсіздігі;
ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорнының өндірісті елеулі жаңартуға қаржысының жоқтығы;
екінші деңгейдегі банктердің кредит берудегі проценттік ставкасының жоғары болуы және кепілдік қамтамасыз ету жоқтығы себепті кредит қаржысының қол жетімсіздігі;
құрал-жабдықтарды және технологияны қазіргі заманғы әзірлеудің жеткіліксіздігі;
жоғары өнімді шетелдік құрал-жабдықтардың қымбатшылығы;
шикізатты өлшеп буу, тиеу және бөлу процесін автоматтандырудың төмен деңгейі.
Міндеттер:
ауыл шаруашылығы өндірісін энергиямен қамтамасыз етудің өсуін қаржылық лизингті инвестициялау және кредит және лизинг бойынша проценттік ставканы субсидиялау арқылы ынталандыру;
технологиялық процестер мен құрал-жабдықтарды жедел жаңарту.
Шаралар:
Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты бар қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасының импорты;
лизингке берілетін ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық құрал-жабдықтарының номенклатурасын кеңейту;
арнайы ауыл шаруашылығы техникаларымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
лизинг бағдарламасына мемлекеттік реттеу тетіктерін (қаржылай лизингі бойынша сыйақы ставкасын өтеу) пайдалану арқылы жеке капиталды тарту;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары үшін құрал-жабдық лизингісіне қаржыны көбейту;
жоғары өнімді технологиялық құрал-жабдықтардың лизинг рыногын кеңейту;
өндірістің аз шығынды технологияларын енгізу.
Күтілетін нәтижелер:
жеке капиталды тарта отырып республиканың машина-трактор паркін техникалық жаңарту;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында қазіргі заманғы құрал-жабдықтар және өндіріс технологиясын енгізу;
құрал-жабдықтардың өнімділігі мен сапасын арттыру.
Машина-технологиялық станциялары арқылы сервистік қызмет көрсету
Мәселелер:
машина-технологиялық станциялары (МТС) жүйесінің дамымағандығы;
техникалық сервистік қызмет көрсету орталықтарының жоқтығы.
Міндеттер:
ауыл шаруашылығы өндірісіне сервистік қызмет көрсету жүйесін құру.
Шаралар:
МТС жүйесін дамыту, олардың қызмет көрсету саласын және ұсынатын қызмет түрлерін кеңейту;
ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, сервистік қызмет көрсету және қосымша бөлшектер сатуды іске асыратын техникалық қызмет көрсету желісін құру;