«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 Қаулысы (2007.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

балық өсіру мен балық өнеркәсібін дамыту

 

ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 Қаулысымен   (бұр .ред. қара); 2008. 17.06. № 589 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5- бөлім өзгертілді

5. Бірінші кезектегі шараларды іске асырудың жолдары мен тетіктерi

 

§ 1. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу

 

§ 1.1. Ғылыми-негізделген агротехнологияның сақталынуы

негізінде егіншілікте өңірлік мамандану

 

Мәселелер:

аймақтарда егіс алаңдары құрылымдары оңтайландырылмаған, егіс құрылымында рентабелді дақылдар алаңдары жеткіліксіз, жемдік дақылдар мен қант қызылшасының егіс алаңдары қысқаруы байқалды, арамшөптерге және дәнді дақылдардың ауруларына қарсы күрес жүргізу үшін "егістік санитары" ретінде ауыспалы егістікте сұлыны пайдаланудың жеткіліксіздігі (1-5-кестелер);

ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігінің деңгейі төмен;

ғылыми негізделген агротехнология сақталмайды, агротехникалық жұмыстардың оңтайлы мерзімдері және сорттардың түрлі мерзімдік өсімділік арақатынасы ұсталмайды, егісте төмен сапалы тұқым пайдаланылады;

топырақтың құнарлылығының төмендеуі;

отандық селекция мен тұқым шаруашылығының жете дамымағандығы, қазақстандық селекцияның жоғары сапалы сорттары мен будандарының жоқтығы;

жаңа сорттар мен будандарды жедел енгізуде кедергі болып отырған ауыл шаруашылығы саласындағы өсімдіктерді аудандарға бөлу жөніндегі қолданыстағы заңдардың жетілдірілмеуі;

сорт сынау, тұқым шаруашылығы, тұқымның сапасын сараптау процестерінің техникалық жарақтануының әлсіздігі;

кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілу;

қайта өңдеу өнеркәсіптері үшін сапалы шикізаттың жеткіліксіздігі;

мақтаның дара дақылы;

отандық қант заводтарының қант өндірісінде тамыр-жемісті өсімдік орнына қамысты қант-шикізатын пайдалануы үлесінің жоғарылығы;

сапасын төмендетпей өнімді ұзақ сақтауды қамтамасыз ететін газды ортаны реттейтін арнаулы көкөніс сақтайтын қоймалар іс жүзінде жоқ.

жүзім екпелерінің алаңын және жүзімнің жоғары сапалы және жоғары өнімді сорттарын отырғызу материалын өндіруді қысқарту.

Міндеттер:

аймақтық табиғат-ауа райы ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін шоғырландыру және мамандандыру;

жоғары рентабельді, экспорт бағытты егісті кеңейту есебінен егіс алаңдарын оңтайландыру жолымен өсімдік шаруашылығын диверсификациялау;

ғылыми негізделген агротехнологияны сақтауды ынталандыру;

мемлекеттік сорт сынау жүйесін реформалау;

қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізатқа қажеттілігін қанағаттандыру.

 

1-кесте. Астық дақылдарын өндіру

 

 

2-кесте. Майлы дақылдарды өндіру және қайта өндіру

 

 

3-кесте. Жарма дақылдарын өндіру

 

 

4-кесте. техникалық дақылдарын өндіру және қайта өңдеу

 

 

* мақта талшығының экспорты және импорты

 

5-кесте. Жемістер мен көкөністерді өндіру және қайта өңдеу

 

 

Шаралар:

республиканың әрбір облысы үшін басым дақылдар тізбесін (6-кесте) және егіс алаңдарының оңтайлы құрылымын анықтау (7-кесте);

бидайдың күшті және қатты сорттарын, астық, жемдік астық, майлы, дәнді-бұршақты және жарма дақылдарын өндіру мен қайта өңдеу көлемін арттыру;

мықты жемдік база құру, оның ішінде төмен бағалы (эрозияланған, аз өнімді) егістік жердің бөлігін толыққанды мал азығына арналған жерлерге жоспарлы ауыстыру және көпжылдық дәнді-бұршақтылармен және астық тұқымдастармен толтыру, табиғи мал азығына арналған жерлерді тамырынан жақсарту есебінен;

құнарландырылған және құрама жемдер құрамында арпаны негізгі жемдік дақыл ретінде пайдалану;

агротехникалық ережелер мен нормаларды және егіншіліктің қажетті жоғары мәдениетін сақтау;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдарын, минералды тыңайытқыштарды және суару суларын жеткізу құнын субсидиялау тетіктері арқылы орта және ірі құрылымдарға біріктіруді ынталандыру;

көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізген кезде отандық тауар өндірушілер негізгі және айналымдағы қаражаттарды алуға жеңілдетілген кредит беру;

көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджет қаражаты есебінен кредит берген кезде сыйақы ставкасын өтеу;

егіншіліктің табиғат қорғау және бейімді-ландшафты ылғалқорсақтау жүйесін әзірлеу және көшу;

өсіру технологиясын топырақтық-климаттық жағдайларға және дақылдар мен сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне бейімдеу;

өсімдіктердің жергілікті жағдайға бейімделген, торығуға шыдамды, жоғары түсімді сорттарын құру және енгізу, селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту, өндіріске өнеркәсіптік сорттарын енгізу;

ғылыми-негізделген ауыспалы егісті сақтау және игеру жолымен егістік жерлердің құнарлылығын арттыру, дәнді-бұршақтылар және астықтық дәнді-бұршақтылар егісін кеңейту, сүрі жер енгізу;

тұқым шаруашылығы және өсімдік сорттарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру;

Қазақстан Республикасының "Мақта саласын дамыту туралы" Заңы жобасын әзірлеу және қабылдау;

биодизель өндіретін зауыт салу;

көкөніс дақылдарын өндірудің бөлігін консервілеуге арналған сорттарға қайта бағыттау, қайта өңделген өнімдер өндіру түр-түрі мен көлемін ұлғайту.

жүзімдіктердің ескі алаңдарын қалпына келтіру (қайта жаңарту) және жаңаларының негізін қалау;

отандық шарап ашыту өнімінің сапасы мен түр-түрін жақсарту, өндіріс шығындары мен бағаларын төмендету есебінен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

6-кесте. Өңірлер бойынша ұсынылған басым дақылдар тізбесi

 

 

7-кесте. Егіс алаңдарының ұсынылған құрылымы, %

 

 

Күтілетін нәтижелер:

ғылыми негізделген ауыспалы егісті енгізу және игеру;

түсімділікті, жалпы өнімді және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру;

елдің негізгі тамақ өнімдеріне ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету;

бәсекелестіктің, қайта өңдеу көлемінің, оның ішінде терең, өсуі, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің және оның қайта өңдеу өнімдерінің экспорты көлемінің ұлғаюы және импорт көлемінің қысқаруы;

қазақстандық экологиялық және биологиялық таза өсімдік шаруашылығы өнімдерінің және оның қайта өңдеу өнімдерінің коммерциялық брэндін құру, түр-түрін арттыру;

отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту үшін тұрақты шикізат негізін құру және қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелінім деңгейін жоғарылату;

өнеркәсіптік мал шаруашылығы және құс шаруашылығын дамыту үшін жемдік базаның тұрақты негізін құру.

 

§ 1.2. Егіншіліктің ылғалқорсақтау технологиясын енгізу

 

Мәселелер:

астық салалары рентабельдігінің төмендігі, себебі астыққа баға сұраным мен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады және тұрақсыздылықпен сипатталады, астық өндірісінің рентабельдігін шығынды қысқарту есебінен ғана көтеру мүмкін (8-кесте)

 

8-кесте. Дәнді дақылдарын әртүрлі технологиялар бойынша

өндірудің өзіндік құнының құрылымы

 

 

су және жел эрозиясына ұшырағыштығы, өңдеудің одан әрі қарқындануы жағдайында жердің толық тозу қаупі;

дәстүрлі технология жағдайында өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге жұмсалатын шығындар, жанар-жағар май (бұдан әрі - ЖЖМ), шығыс материалдары, техника және еңбек ақыны төлеу бағасының деңгейі жоғары (дәнді ауыспалы егіске арналған машиналардың дәстүрлі жиынтығы әр 2,5 мың гектарға машиналардың 21 атаулы 64 бірлігін қамтиды, оның ішінде 12 трактор. Жалпы металды қажетсіну 206 тоннаны құрайды) (9-кесте);

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ылғал ресурстарын сақтау технологияларын енгізуге дайын еместігі (техникалық, технологиялық, моральдік);

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өсімдіктерді қорғау құралдарын (атап айтқанда құрамында глифосаты бар гербицидтерді), тыңайтқыштарды, жанар-жағар май материалдарын, техникаларды сатып алуға олардың құндарының жоғары болу себебінен қаражат айналымының жеткіліксіздігі;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде топыраққа механикалық әсер етуді азайтуды қамтамасыз ететін арнайы жұмыс органдары бар сепкіштер және жабу қабаттарын жасау үшін сабандарды біркелкі шашуды қамтамасыз ететін ұсақтағышы бар жинауыш техникалар жоқтығы;

білікті мамандардың іс жүзінде жоқтығы.

 

9-кесте. «Заречное» РМК үлгісінде ең төменгі-нөлдік

технологияны қолданудың экономикалық тиімділігi

 

 

Шаралар:

ылғал ресурстарын сақтау ең аз нөлдік технологияларды бірінші кезеңде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тиісті материалды-техникалық базалары бар шаруашылық жүргізуші субъектілер базасында енгізу;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жаңа технологияларға үйрету, технология компоненттерін өндірістік жағдайда көрсету, шетел тәжірибелерімен танысу, егіншіліктің жаңа жүйесінің артықшылығын ғылыми жарияланым және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау;

химиялық сүрі жер технологиясын енгізу (10-кесте).

 

10-кесте. Глифосат пайдаланудағы шығын

 

 

Күтілетін нәтижелер:

мемлекеттік қолдаумен егіншіліктің ылғалқорсақтау технологиясын жаппай жедел енгізу, жер жырту көлемін азайтуға қол жеткізу, ылғалды сақтауды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыру, еңбек шығынын қысқарту, жанар-жағар май материалын, жұмыс күшін, материалдық ресурстарды және ақша қаражатын үнемдеу, құрал-жабдықтарға шығыстарды азайту;

топырақ қабатының жоғарғы қабатында органикалық заттарды сақтау, су және жел эрозиясы қатерін азайту, топырақтың құнарлылығын жоғарылату және құрылымын жақсарту.

 

§ 1.3. Суармалы егіншілікті дамыту

 

Мәселелер:

суармалы жердің тұздану, сортаңдану және суландыру эрозиясына ұшырауы процесінің дамуы;

суару жүйелерінің пайдалы қызмет коэффициентінің төмендеуі;

тұтынылатын суды шынайы есепке алудың жүргізілмеуі;

мелиорацияны мемлекеттік бюджет және басқа да көздердің есебінен қаржыландыру көлемінің аздығы;

суармалы жерлерді көп жағдайда монодақылды егуге ғана пайдалану, ғылыми негізделген ауыспалы егістің сақталмауы;

ішкі суару жүйелерін пайдалану және ұстап тұру бойынша су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерін (ары қарай - САТК) ұйымдастырудың әлсіздігі;

күріш өңделетін негізгі өңірлерде суару су жеткіліксіз;

мақта өңделетін негізгі өңірлерде суару судың шығыстарының артуы.

Шаралар:

нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

гидромелиорациялық кондоминиумді және САТК құруға және нығайтуға ықпал ету;

судың есебін жүргізу жүйесін қалпына келтіру және суару жүйелеріндегі гидропосттарды паспорттауды жүргізу;

суармалы жерлерде су пайдалануды басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдіру;

суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту шараларын жүргізу;

шаруашылық аралық арналар және гидромелиорациялық құрылыстардың айрықша қауіпті учаскелерін күрделі жөндеу және қалпына келтіру;

суару жүйелерін қайта жаңарту және қайта жабдықтау;

суарудың суды үнемдейтін және топырақты қорғайтын технологияларын пайдалану;

суармалы жерлердегі егіс алаңдары құрылымдарын жетілдіру;

кешенді мақсаттағы гидротехникалық құрылыстар және су қоймаларын қайта жаңарту;

ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге суару суын жеткізу қызметі бойынша құнды субсидиялау;

ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің прогрессивтік технологияларын қолдану;

суармалы жерлердегі мелиоративтік жүйелерді кешенді қалпына келтіру үшін республикалық бюджет және халықаралық қаржы институттарының қаржыларын тарту.

Күтілетін нәтижелер:

суармалы жерлерді рациональды пайдалану, ауыспалы егісті қалпына келтіру есебінен топырақтың құнарлылығын сақтау және жоғарылату;

мелиоративтік жүйенің пайдалы әрекет коэффициентін арттыру.

 

§ 1.4. Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жанар-жағар май

материалдары рыногын басқарудың жаңа тетіктерi

 

Мәселелер:

соңғы жылдардағы мұнай мен мұнай өнімдеріне әлемдік бағаның өсуі ішкі бағаның өсуіне әкелді;

мұнай өнімдері (дизельдік отын) рыногын реттеуде ауыл шаруашылығы науқанын жүргізу кезеңінде оларға бағаны төмендету мақсатымен рыноктық емес әдістерді пайдалануы;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ЖЖМ-ға қолжетімдігінің тиімді тетіктерінің жоқтығы.

Міндеттер:

отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолжетімді баға бойынша жанар-жағар майлармен қамтамасыз ету.

Шаралар:

жыл сайын облыстар қимасында дизельдік отынға қажеттілікті анықтау;

дизельдік отынды өңірлік мамандандырылуды ескере отырып бөлу;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктеріне және бекітілген облыстарға сәйкес мұнай өндіруші зауыттардың (бұдан әрі - МӨЗ) ішкі рынокқа мұнай өнімдерін жеткізуін қамтамасыз ету;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ЖЖМ сатып алу жөніндегі ұсынылған құжаттары және егілген алаңдар туралы анықтамалары (1-сурет) негізінде көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуі үшін дизельдік отынның құнын субсидиялау;

ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін мұнай өнімдерін құюға жылжымалы құрамның үздіксіз және уақытылы берілуін қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер:

астық түсімділігін оңтайлы мерзімде барлық агротехникалық шараларды орындау есебінен жоғарылату;

өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақтандыру және оның табыстылығын арттыру;

отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

 

1-сурет. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге субсидия

төлеу сызбасы

 

 

ҚР  Үкіметінің 2007 ж. 5 қазандағы № 908 Қаулысымен   1.5 параграфы өзгертілді (бұр. ред. қара)

§ 1.5. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта

өңдеудің техникалық жарақтануын сапалы арттыру

 

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта

өңдеудің техникалық жарақтануын арттыру

 

Мәселелер:

ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейінің жоғарылылығы (80 %) және жаңартудың баяу қарқыны (5,6 % соңғы төрт жылда);

ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің арнайы техникамен және құрал-жабдықтармен жарақтануының төмендігі;

республиканың машина-трактор паркін жаңартуға мемлекет бөлетін қаржының жеткіліксіздігі;

ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдеріне бағаның теңсіздігі;

ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорнының өндірісті елеулі жаңартуға қаржысының жоқтығы;

екінші деңгейдегі банктердің кредит берудегі проценттік ставкасының жоғары болуы және кепілдік қамтамасыз ету жоқтығы себепті кредит қаржысының қол жетімсіздігі;

құрал-жабдықтарды және технологияны қазіргі заманғы әзірлеудің жеткіліксіздігі;

жоғары өнімді шетелдік құрал-жабдықтардың қымбатшылығы;

шикізатты өлшеп буу, тиеу және бөлу процесін автоматтандырудың төмен деңгейі.

Міндеттер:

ауыл шаруашылығы өндірісін энергиямен қамтамасыз етудің өсуін қаржылық лизингті инвестициялау және кредит және лизинг бойынша проценттік ставканы субсидиялау арқылы ынталандыру;

технологиялық процестер мен құрал-жабдықтарды жедел жаңарту.

Шаралар:

Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты бар қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасының импорты;

лизингке берілетін ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық құрал-жабдықтарының номенклатурасын кеңейту;

арнайы ауыл шаруашылығы техникаларымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;

лизинг бағдарламасына мемлекеттік реттеу тетіктерін (қаржылай лизингі бойынша сыйақы ставкасын өтеу) пайдалану арқылы жеке капиталды тарту;

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары үшін құрал-жабдық лизингісіне қаржыны көбейту;

жоғары өнімді технологиялық құрал-жабдықтардың лизинг рыногын кеңейту;

өндірістің аз шығынды технологияларын енгізу.

Күтілетін нәтижелер:

жеке капиталды тарта отырып республиканың машина-трактор паркін техникалық жаңарту;

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында қазіргі заманғы құрал-жабдықтар және өндіріс технологиясын енгізу;

құрал-жабдықтардың өнімділігі мен сапасын арттыру.

 

Машина-технологиялық станциялары арқылы сервистік қызмет көрсету

 

Мәселелер:

машина-технологиялық станциялары (МТС) жүйесінің дамымағандығы;

техникалық сервистік қызмет көрсету орталықтарының жоқтығы.

Міндеттер:

ауыл шаруашылығы өндірісіне сервистік қызмет көрсету жүйесін құру.

Шаралар:

МТС жүйесін дамыту, олардың қызмет көрсету саласын және ұсынатын қызмет түрлерін кеңейту;

ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, сервистік қызмет көрсету және қосымша бөлшектер сатуды іске асыратын техникалық қызмет көрсету желісін құру;