ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қазақстандық банктермен "арзан" қаржыландыру және астық қолхаттарына кепілдік беру есебінен шетелдік қаржы институттары желісі бойынша қол жетімділігі.
Ауылдық шағын кредит беру
Мәселелер:
жеке тұлғаларда ауылда жекеменшік бизнесін ашуға қаражатының жоқтығы;
ауыл халқының ауылда жеке бизнесін ұйымдастыруға және жүргізуге білімінің жеткіліксіздігі;
ауыл халқын кәсіпкерліктің негізіне үйрету жүйесінің жоқтығы.
Міндеттер:
ауыл халқына қол жетімді кредит беру жүйесін қалыптастыру негізінде кәсіпкерлік белсенділікті дамыту.
Шаралар:
ауыл халқына шағын кредит беруді ұйымдастыруға мемлекеттік қаржы бөлу көлемін ұлғайту;
ауылда шағын кредит беру желісін дамыту;
экономикалық белсенді ауыл халқының қаржы-кредит ресурстарына қол жетімділігін жеңілдету;
ауыл халқын кәсіпкерліктің негізіне үйрету семинарларын өткізу.
Күтілетін нәтижелер:
шағын кредит берудің тұрақты және тиімді қызмет жүйесін қалыптастыру;
ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін жақсарту есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу көлемін өсіру және ауылда экономикалық қызмет саласын кеңейту;
ауыл халқын кәсіпкерлік қызметке тарту жолымен ауылдағы кедейлік деңгейін төмендету және еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету.
Ауыл шаруашылығын сақтандыру
Мәселелер:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеке сақтандыру компанияларына сенбеуі;
ауыл шаруашылығы қатерін сақтандыру мәдениетінің төмендігі;
міндетті сақтандыру туралы заңнама талаптарын сақтандыру рыногына қатысушылардың сақтамауы;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сақтандыру компанияларынан алыстығы;
гидрометеостанциялардың (бекеттердің) жеткіліксіз желісі;
қолданыстағы заңнамадағы міндетті сақтандыру тетіктерінің жеке ережелерінің реттелмегендігі.
Міндеттер:
сақтандырудың түрлі схемаларын пайдалануға негізделген ауыл шаруашылығы өндірісін сақтандырудың тиімді жүйесін құру.
Шаралар:
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер енгізу;
метеостанциялардың (бекеттердің) санын ұлғайту;
«Өзара сақтандыру қоғамдары туралы» заң жобасын әзірлеу және ауылды жерде мемлекеттің қатысуымен өзара сақтандыру қоғамдарын құру.
Күтілетін нәтижелер:
инвестициялау кезінде қауіпті азайтудың кепілді факторы болып табылатын ауыл шаруашылығын сақтандырудың тиімді жүйесін құру;
халықтың сақтандыру рыногына сенімі;
мемлекеттің қатысуымен пилоттық өзара сақтандыру қоғамдарын құру.
§ 4.5. Ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету
Мәселелер:
агроөнеркәсіп субъектілері мен ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимыл тетіктерінің жетілдірілмегендігі;
агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін ақпараттық қамтамасыз ету, оқытатын және консультация беретін қызметтер көрсетудің жеткіліксіздігі;
аграрлық секторға ақпараттық-маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсететін компаниялардың қызметтері тар бағытты, ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз етілген және өңірлік желілері жоқ;
бірыңғай ақпараттық жүйенің, мәліметтер базасының жоқтығы, республиканың аса кең аумағы, "Қазагромаркетинг" АҚ өңірлік бөлімшелерінің шалғайлығы және ауылды жерлерде ақпараттық технологияның жеткіліксіз дамуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің "Қазагромаркетинг" АҚ дер кезінде ақпарат алуын қиындатады.
Міндеттер:
ақпараттық-маркетингтік қызметке қол жетімділікті кеңейту және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру жолымен агробизнестің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету.
Шаралар:
агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамытуды реттейтін нормативтік құқықтық акті қабылдау;
ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтар базасында агробизнес жүргізудің негіздері бойынша оқыту семинарларын тұрақты өткізуді қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау аясында өтеусіз берілетін "Қазагромаркетинг" АҚ ақпараттық-консультативтік орталықтарының желісі арқылы агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін ақпараттар мен қызмет тізбесін кеңейту;
агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінде "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бір автоматтандырылған жүйесін құру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің онлайн режиміндегі электрондық коммерция жүйесін құру;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін пилоттық жоба аясында ауылдық округтер деңгейіне дейін дамыту;
өңірлік көрме-жәрмеңкелер іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
Күтілетін нәтижелер:
аграрлық рынокқа қатысушылардың шынайы ақпарат алмасуын және тығыз өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру;
ауылдық жерлерде ақпараттық инфрақұрылымды жақсарту, жалпы алғанда ақпараттық және консалтингтік рыноктың ауылда дамуына қолайлы жағдай туғызатын, оның материалдық-техникалық базасын нығайту;
кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың дамуына, ТМД және басқа елдердегі әріптестермен іскерлік байланыс орнауына ықпал ету жүйесін ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 5 қазандағы № 908 Қаулысымен 4.6 параграф өзгертілді (бұр.ред. қара )
§ 4.6. АӨК саласын ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету
Мәселелер:
ғылыми-техникалық салада нормативтік құқықтық базаның жетілмегендігі;
ауыл шаруашылығы ғылымдарын (ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімінің 0,24 %), және кадр дайындауды республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі;
шектеулі қаржы қаражаттарының негізсіз кеңейтілген ғылыми бағыттарға бөлінуі;
агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын анықтаушы мамандықтар бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және оқу орындарының материалдық-техникалық базаларының жеткіліксіздігі;
аграрлық бағыттағы ғылыми мекемелердің инновациялық қызметтерінің төмен деңгейі және ғылым жетістіктерін өндіріске енгізудің оперативтік және тиімді икемді тетіктерінің жоқтығы;
аграрлық секторда ғылыми-консультациялық қызметтер көрсетудің ақпарат-сервис жүйесінің жетілмегендігі;
агроөнеркәсіп кешені салалары бойынша ғылыми-техникалық қазіргі заманғы әдебиеттерге мемлекеттік органдардың қол жетімділігінің жеткіліксіздігі;
аграрлық сектор үшін кадрлардың болуына және қажеттігіне жүйелі мониторинг болмауынан еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс арасында біліктілік-кәсіптік теңсіздіктің болуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдары мен білім беру ұйымдарының арасында әлеуметтік әріптестікті салықтық ынталандыру тетіктерінің болмауы;
аграрлық сектор үшін мамандықтар бойынша кадрлар дайындаушы білім беру ұйымдарын бітірушілердің өндірістік-технологиялық тәжірибесінің жеткіліксіз болуы салдарынан олардың тәжірибелік дайындығының деңгейі төмен болуы;
мамандарды жұмысқа орналастыру деңгейінің төмендігі;
білім, ғылым және өндіріс арасындағы ықпалдастықтың нашарлығы.
ғылыми ұйымдардың бәсекелес сектор жұмыс істейтін өндірістік салаға негізсіз қатысуы, бұл ғылыми зерттеуге арналған бюджеттік қаражатты арнаулы емес өндірістік мақсаттарға аудару үшін жағдай тудырады» деген жетінші абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жүргізу үшін жұмыс жүргізу үшін шарттардың халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету жүйесінің жеткіліксіз дамуы;
аграрлық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарын білікті ғылыми кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, ғылыми кадрлардың қартаю үрдісі;
ғалымдардың жеткіліксіз әлеуметтік қорғалуы.
Міндеттер:
АӨК салаларының тұрақты дамуына аграрлық ғылым үлесін арттыру, ғылыми жетістіктерді экономикалық айналымға енгізуді жеделдету, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру, инновациялық еңбектерді ынталандыру;
ғылыми еңбектерді коммерциялаудың тиімді инфрақұрылымдары негізінде аграрлық ғылымның беделін көтеру.
Шаралар:
ғылым, санаткерлік меншікті қорғау, ғылыми-зерттеу жетістіктерін экономикалық айналымға енгізу, инновациялық қызметті, халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру және көздерін молайту, ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтау және қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын бөлу жүйесін жетілдіру үшін ұйымдық және экономикалық шаралар қолдану; зерттеулерді аграрлық өнеркәсіп өндірісінің басым бағыттарында шоғырландыру;
аграрлық зерттеулерді дамыған елдердің деңгейіне жақындатып оларды қаржыландыруды кезең-кезеңмен жақсарту (2015 жылы бюджет қаражатын ауыл шаруашылығы ішкі жалпы өнімінің 2,5 % деңгейіне жеткізу); жеке меншік инвестицияларды, даму институттарының қаржысын, халықаралық ұйымдар гранттарын тарту;
ғылыми-зерттеу мекемелері мен білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын ары қарай жаңғырту;
ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу жүйесін және тетіктерін жасау;
агроөнеркәсіп кешені саласында ғылыми және инновациялық инфрақұрылымның (технопарктердің, ғылым-білім орталықтарының және т.б.) қазіргі заманғы элементтерін құру және қызметін қолдау;
аграрлық ғылымдар саласындағы ғалымдар мен мамандарды материалды және моральды қолдау;
Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан ғылыми-техникалық кітапхана ашу;
агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын қамтамасыз ететін білікті жұмысшылар мен мамандардың еңбек рыногындағы қажеттілігіне тұрақты мониторинг;
агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын қамтамасыз ететін мамандықтар бойынша оқу орындарын мемлекеттік бюджет есебінен бітіргендердің жұмысқа орналасуына тұрақты мониторинг;
агроөнеркәсіп кешенінің дамуын және еңбек рыногының қажеттіктерін ескеріп, мамандықтардың мемлекеттік классификаторларын жетілдіру;
республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік гранттар мен кредиттердің есебінен кадрлар даярлаудың қажетті көлемін енгізу;
студенттер оқыту бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді ынталандырудың тетіктерін әзірлеп енгізу;
алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы құрылымдары базасындағы шарттарға сәйкес студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру;
кәсіптік білім берудегі мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын, агроөнеркәсіп кешені салаларының мамандықтары бойынша оқу бағдарламасын және жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемеліктерін және оларды ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келістіру тәртібін енгізу;
агроөнеркәсіптік кешен саласы үшін білікті жұмысшы кадрларын және техникалық мамандарын және қызмет көрсету жұмыстары үшін кәсіптік мектептер (лицейлер), колледждер желісін кеңейту;
оқу мекемелерін бітірушілерді, бірінші кезекте бюджет қаражаты есебінен оқығандарды мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру бойынша қажетті шаралар қолдану (тұрғын үй сатып алуға, жеке меншік қосалқы шаруашылық ашуға және т.б. жеңілдіктер беру);
аграрлық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының және ауылдық кәсіптік мектептердің (лицейлер) инженерлік-педагогтық кадрларының шет елдік жетекші ғылыми орталықтарда және оқу орындарында біліктілігін жетілдіру және тағылымдамадан өткізу;
жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу ұйымдары негізінде агроөнеркәсіптік кешен кадрларын қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру жүйесін жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде аграрлық ғылымның қалыптасуы;
білім, ғылым және өндіріс арасындағы тығыз ықпалдастық;
ғылыми зерттеулерге қаражатты тұтас пайдалану, бюджеттік қаржыландыруды оңтайландыру, жекеменшік инвестициялар тарту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру арқылы ғылыми ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын нығайту;
ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын агроөнеркәсіп кешенінің басымдықтарына және әлемдік ғылымның даму тенденцияларына сәйкес қалыптастыру және іске асыру;
материалдық-техникалық базаның жаңарту кезінде ғылыми және білім беру процестерінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру;
аграрлық секторда ғылыми-консультациялық қызметтер көрсетудің тиімді ақпарат-сервис жүйесін құру;
ғылыми-зерттеу ұйымдары, оқу орындары мен әртүрлі меншік түрлеріндегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының өзара тиімді ынтымақтастығының тетігін жасау;
агроөнеркәсіп кешені салаларын, аграрлық бағыттағы ғылыми ұйымдар мен оқу мекемелерін бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, кәсіби міндеттерін дербес және творчестволық тұрғыдан шешетін кадрлармен қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіп кешені кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 5 қазандағы № 908 Қаулысымен (бұр.ред. қара ); 2008. 17.06. № 589 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4.7 параграф өзгертілді
§ 4.7. Қызмет көрсету инфрақұрылымдарын және өнімдердің
қауіпсіздігі мен сапасын бағалау жүйелерін дамыту
жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету
25-кесте. Қаржылық қамтамасыз ету*
млн. теңге