«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 Қаулысы (2007.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

 

26-кесте. Агроөнеркәсіптік кешен өнімін қайта өңдеу

кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйесін енгізу

 

кестенің жалғасы

 

Күтілетін нәтижелер:

отандық өнімдердің сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін және экспортты әлеуетін көтеру;

жосықсыз бәсекелестікті төмендету, демпингтің алдын алу;

көлеңкелі экономикадан ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің елеулі үлесін шығару;

кәсіпорындардың айналым қаражатын босату және оларды өндірісті жетілдіруге бағыттау;

ауыл шаруашылығы қайта өңдеу өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеу және жылжыту;

бюджетке салықтардың түсуін ұлғайту;

агроөнеркәсіптік кешеннің ДСҰ аясында жұмыстың жаңа экономикалық жағдайларына қиналмай өту;

өнімдерді өткізу рыноктарына кедергісіз шығу, қазақстандық тұрақты тауар брэндтерін қалыптастыру;

2008 жылы отандық өнімдердің экспортының көлемі 150 млрд. теңгеден асады.

 

§ 5.2. Отандық АӨК бәсекеге қабілеттігін арттыру

жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету

 

27-кесте. Қаржылық қамтамасыз ету*

 

 

* Іс-шараларды республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша ұсынылған қаражаттардың көлемдері және тиісті жылға республикалық бюджетті қалыптастырған кезде нақтылауға және түзетуге жатады

 

6. Бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске

асырудан күтілетін нәтижелер

 

2008 жылы агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық жарақтандыру біршама өседі.

АӨК өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау жүйесі ДСҰ талаптарына сәйкес үйлестірілетін болады.

Астықты қайта өңдейтін, сүт, жеміс-көкөніс, мақта және балық кластерлер қалыптасатын болады.

Ауыл шаруашылығы өнімі - өндірісіндегі ірі және орташа шаруашылықтардың үлесі 40 % дейін артады.

Егістік құрамындағы жоғары рентабельді егістер 70 % дейін артады.

Институционалды инфрақұрылым аграрлық рыноктың қажеттілігіне бейімделетін болады.

Отандық қайта өңдейтін өнеркәсіптерді дамыту үшін тұрақты шикізат негізі құрылатын болады және қайта өңдейтін кәсіпорындардың жүктеме дәрежесі көтерілетін болады.

Ішкі азық-түлік рыногын реттеу негізі қаланатын болады, қазақстандық экологиялық және биологиялық таза өнімнің экспортты бағдарланған брэнді құрылған.

АӨК өнімінің жалпы көлемі 1 га егістік 300 АҚШ долларына дейін артады.

Тиісті мемлекеттік қолдау кезінде бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2008 жылы АӨК отандық субъектілерінің бәсеке әлеуеті біршама өседі, бұл ДСҰ енуге өте маңызды.

 

                                           Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                            2006 жылғы 6 наурыздағы

                                               № 149 қаулысымен

                                                  бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 5 қазандағы № 908 Қаулысымен 7-бөлімде мәтіндегі «РМК» және «ЖШС» деген аббревиатуралар «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылды  (бұр.ред. қара ); ҚР Үкіметінің 2008. 04.04. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008. 17.06. № 589 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008. 27.08. № 776 Қаулысымен  (бұр.ред.қара) 7. бөлім өзгертілді

 

7. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты

дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын

іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған

бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары