«Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 160 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі
арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қол қою туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 160 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминге Келісім жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан келіссөздер жүргізуге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің